04.06.2014, 22:56 2355

Будапештте Қазақстан мен Венгрия арасында Стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Венгрияға ресми сапары барысында Будапештте бірқатар екі жақты кездесу өткізді.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Венгрияға ресми сапары барысында Будапештте бірқатар екі жақты кездесу өткізді.

Үкімет басшысы Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен және Мемлекеттік жиналыс төрағасы Ласло Кёвермен кездесті, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

Үкіметаралық келіссөздар барысында тараптар Қазақстан ТМД елдері арасында Венгрияның ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. Үкіметтер басшылары екі жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін, әсіресе сауда-экономикалық сферадағы жоғары әлеуетті белгіледі.

"Бізге қазақстандық-венгерлік қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығару керек", - деп басып айтты К.Мәсімов. Ол үшін, оның пікірінше, барлық алғышарттар мен қажетті құқықтық база бар.

Өз кезегінде, В.Орбан венгрлік тараптың экономиканың түрлі салаларында Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастығына қызығушылық танытты.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Нақты айтқанда, мұнай-газ, АӨК саласындағы, экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытудағы, инвестициялық сферадағы екі жақты өзара іс-қимыл перспективалары қаралды.

Кездесудің қортындысы бойынша серіктестік туралы бірқатар құжатқа қол қойылды, олардың бірі Қазақстан мен Венгрия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Бірлескен Декларация болды.

ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ В.Орбанды Қазақстанға жауапты сапармен келуге шақырды. Шақыру ризашылықпен қабылданды.

Л.Кёвермен кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету және парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін басып айтты.

Сондай-ақ ресми сапар аясында К.Мәсімов Будапешттің орталығындағы "Астана" көшесінің және онда орнатылған Абай Құнанбаев мүсінінің салтанатты ашылуына қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны