19.04.2013, 14:13 4556

Бүгін Ақордада "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша аналитикалық және зерттеу қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалығымен өткен отырыстың жұмысына Үкімет мүшелері, Президент Икімшілігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, республиканың белді ғалымдары, жетекші сарапшылар қатысты.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша аналитикалық және зерттеу қызметін үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалығымен өткен отырыстың жұмысына Үкімет мүшелері, Президент Икімшілігінің өкілдері, еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, республиканың белді ғалымдары, жетекші сарапшылар қатысты.

Отырыста Мемлекеттік хатшы М.Тәжин, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов, Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев, "Тұран" университетінің ректоры Р.Алшанов сөз сөйледі.

Еліміздің зерттеушілер қауымы алдында тұрған нақты міндеттер, қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша мамандар даярлау сапасы, сондай-ақ, ғылыми құрылымдар жұмысының орташа мерзімді кезеңге арналған зерттеу басымдықтары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы М.Тәжин мемлекеттік органдарға Қазақстандағы кәсіби зерттеулердің бәсекелестік нарығын дамыту және мемлекеттік жаңа ғылыми тапсырыс қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны