15.11.2012, 16:52 3011

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген ададардың көптеген өтініштері қаралды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының бірқатар өзекті мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігі жұмысының қорытындысы талқыланды.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген ададардың көптеген өтініштері қаралды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының бірқатар өзекті мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігі жұмысының қорытындысы талқыланды.

"Еліміз мемлекеттік тәуелсіздігін алған күнінен бастап Қазақстан азаматы болуға ниет білдірушілердің саны өсіп келеді. Осы жылдар ішінде қазақстандық азаматтық институттың халықаралық беделі, біздің мемлекетіміздің әлеуметтік жүйесінің мәртебесі айтарлықтай өсті. Бұл факт - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің өзінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы ұлтаралық қарым-қатынасының жоғары мәдениеті мен сенімді қадамының дәлелі. Тұңғыш Президент күні қарсаңында біздің бәрімізге, әсіресе біздің болашақ отандастарымызға қазақстандық қоғамға тән ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың бастауларын терең жауапкершілікпен ұғыну аса маңызды. Біз олардың толық құқылы азаматтар бола отырып, егемен Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосатындарына сенеміз. Тиісті мемлекеттік құрылымдар біздің қалаларымыз бен ауылдарымызда олардың әлеуметтік бейімделуін жылдамдатуға, сондай-ақ азаматтық алу туралы әрбір өтінішке ерекше мұқият қарауға міндетті", - деп атап көрсетті өз сөзінде Мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны