01.03.2013, 13:01 2964

Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады

К.Фэйрфакс соңғы жылдары көптеген салада американ-қазақстан ынтымақтастығының жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекетаралық қарым-қатынастар анағұрлым жаңа сапалық деңгейге көтерілді, бұл екі елдің сауда-экономикалық көрсеткіштерінен байқалды.

Астана. 1-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

К.Фэйрфакс соңғы жылдары көптеген салада американ-қазақстан ынтымақтастығының жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекетаралық қарым-қатынастар анағұрлым жаңа сапалық деңгейге көтерілді, бұл екі елдің сауда-экономикалық көрсеткіштерінен байқалды.

ҚР Мемлекеттік хатшысы саяси мәселелер бойынша стратегиялық серіктестіктің орнықты сипатын, экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын атап көрсетті.

Кездесуде қазақстан-американ ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға байланысты бірқатар маңызды мәселелер қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны