12.05.2015, 21:59 8846

Бүгін әскери медибикелерге құрмет көрсетілуде

Үміткер Бүгін, 12 мамыр күні әскери медбикелер өздерініӊ кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл мерекені олар медбике ісініӊ негізін қалаушы Флоренс Найнтенгейлдіӊ туылған күнініӊ құрметімен байланыстырады

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Бүгін, 12 мамыр күні әскери медбикелер өздерініӊ кәсіби мерекесін атап өтуде. Бұл мерекені олар медбике ісініӊ негізін қалаушы Флоренс Найнтенгейлдіӊ туылған күнініӊ құрметімен байланыстырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Медбике болу - бұл нағыз бейімделуді қажет етеді. Ол шынайы қызмет көрсетуді талап ететін іс. Сауықтыру жолында сырқаттарға қолдау көрсете отырып әрдайым олардыӊ әрбірі үшін уайымдайсыӊ", - деп атайды ҚР ҚМ БИКГ сержанты 3 сыныпты сержант Сәуле Ишімова. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сәуле Ишімова медбике кәсібі туралы айта отырып, олар Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен батыр әріптестерініӊ нағыз ерлігі қазіргі заманда қазақстандық медбикелер үшін үздік үлгі болып саналатынын атап өтті.

Соғыс жылдары нәзік жанды қыз-келіншектерге күрделі және ауыр тапсырмалар жүктелген еді. Олар артиллерия оқтарыныӊ астында жүріп ұрыс даласынан жаралы жауынгерлерді алып шықты. Тәулік бойы ұйқысыз және демалыссыз кезекшілік атқарды. Соғыс жылдары санитарлық нұсқаушылардыӊ жұмысы еӊ қауіпті қызметтердіӊ бірі саналды (кейде ұрыстан соӊ 30 % ғана медицина құрамы қалатын).

Ирине соғыс кезеӊін бейбіт уақыттағы медбикелердіӊ жұмысымен салыстыруға болмайды. Дегенмен қазіргі қазақстандық әскери медбикелер де маӊызды және күрделі міндетті орындауда. Өздерініӊ күнделікті еӊбегімен олар Қазақстанныӊ Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілеріне көмек көрсетеді. Дәл осы медбикелер кез-келген медициналық мекеменіӊ маӊызды бөлігі, сонымен қатар сырқаттыӊ аяғынан тұрып, сауығуы көбінесе олардыӊ кәсіби шеберліктеріне байланысты.

Осы орайда, ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталінде өз ісіне шынайы берілген үздік әскери медбикелерге грамоталармен және алғыс хаттар тапсырылып, марапатталды. Бүгінгі күні бас әскери госпиталдіӊ медбикелер құрамы 200 адамды, олардыӊ ішінде басым бөлігін - ҚР ҚК келісімшарт бойынша әскери қызметшілерқұрайды.

Бұл күні еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі әскери госпиталдерде медбикелерге құрмет көрсетіліп, салтанаты марапаттау шаралары жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны