08.02.2012, 13:49 3728

Бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

Министр Қалмұханбет Қасымов отырыс барысындағы өз баяндамасында қылмыстық атқару жүйесін, әсіресе сотталғандарды қамауда ұстау жағдайын халықаралық нормаларға сай ету жолында бірқатар жұмыстардың атқарылғанын жеткізді.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр Ішкі істер министрлігінде арыздар мен хабарламаларды тіркеу жүйесі енгізілген болатын.

Министр Қалмұханбет Қасымов отырыс барысындағы өз баяндамасында қылмыстық атқару жүйесін, әсіресе сотталғандарды қамауда ұстау жағдайын халықаралық нормаларға сай ету жолында бірқатар жұмыстардың атқарылғанын жеткізді.

Ол сондай - ақ экстремизм,лаңкестік әрекеттер, ұйымдасқан қылмыс және есірткі бизнесіне қарсы тұру үшін ішкі істер органдарын заманауи техника түрлері, байланыс және арнайы құралдармен жабдықтау қажеттігін де айтты. Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрлігі жүйесіндегі қызметкерлердің денсаулықтары мен өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан өз міндеттерін адал және батыл түрде атқарып жатқанын жеткізді. Мәселен тек былтырдың өзінде ғана 28 полицей қызмет барысында қаза болып, 50 қызметкер жарақат алған.

Биыл Ішкі істер министрлігі Елбасы жолдауында айтылған міндеттерге сәйкес бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Еуразполдың қызметі мен оның құрылу тетіктерін де пысықтамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны