29.04.2015, 10:26 4551

Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтеді

Бүгін Астанада 26 сәуірде өткен ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Қазақстан Президентініӊ лауазымына ресми кірісу рәсімініӊ салтанаты Тәуелсіздік сарайында өтеді

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада 26 сәуірде өткен ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Қазақстан Президентініӊ лауазымына ресми кірісу рәсімініӊ салтанаты Тәуелсіздік сарайында өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, облыс әкімдері, Конституциялық кеӊес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанда тіркелген шеткелдік димломатиялық миссиялардыӊ өкілдері және мәртебелі қонақтар қатысады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазақстан Президентініӊ лауазымына ресми кірісу рәсімінде Нұрсұлтан Назарбаев оӊ алақанын Конституцияға қойып тұрып, салтанатты түрде ант береді. Содан соӊ Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа президент куәлігін тапсырады.

Салтанатты рәсім республикалық телеарналар арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде өткен кезектен тыс Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 97,75% дауысын жинап, жеӊіске жетті. Орталық сайлау комиссиясыныӊ мәліметтері бойынша Елбасыға 8 млн 833 мыӊ 250 адам дауыс берген.

Айта кетейік, бүгінгі инаугурация - тәуелсіз еліміздіӊ тарихындағы бесінші ұлықтау рәсімі. Қазақстан Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Сол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен еді. Ол уақытта Мемлекет басшысы сайлаушылардыӊ 98,7% дауысын жинап, жеӊіске жетті. Екінші ұлықтау рәсімі 1999 жылы 21 қаӊтарда Астанада Конгресс-Холлда өтті. Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 80% дауысына ие болған еді. Ал содан кейін 2005 жылы 4 желтоқсанда өткен үшінші сайлаудыӊ нәтижесі бойынша тағы да жалпыхалықтық қолдауға ие болып, 91,15% дауыс жинаған Қазақстан Президентін ұлықтау салтанаты 2006 жылғы 11 қаӊтарда Ақордада өткен болатын. Ал төртінші инаугурация 2011 жылы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында өтті. 3 сәуірдегі президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардыӊ 95,55% дауысын жинап, сенімді жеӊіске жеткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны