29.06.2012, 13:30 2842

Бүгін Астанада мемлекет басшысы "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС тікұшақтар құрастыратын және қызмет көрсететін зауытта болды

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы мен "Eurocopter" француздық компаниясының арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге Қазақстан Президентінің 2010 жылы қазанда Францияға ресми сапары аясында қол қойылған болатын.

Астана. 29-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС тікұшақтар құрастыратын және қызмет көрсететін зауытта болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы мен "Eurocopter" француздық компаниясының арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге Қазақстан Президентінің 2010 жылы қазанда Францияға ресми сапары аясында қол қойылған болатын.

Бұл ТМД аумағындағы ЕС-145 тікұшақтарын құрастыратын жалғыз кәсіпорын болып табылады. Қазақстан таяу елдерге осы тікұшақтарды сату құқығына ие болып отыр. Қазақстанның "Eurocopter" компаниясымен ынтымақтастығының ерекше шарты - зияткерлік меншікті пайдалану құқығына ие болуы.Мемлекет басшысы Қазақстан үшін бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

"Бұл тікұшақтар құрастыруға арналған біздің еліміздегі алғашқы нысан. Қазіргі кезде біз жылына 8-10 тікұшақ құрастыратын боламыз. Алдағы уақытта осы кәсіпорынның базасында ұшақтар құрастыру жоспарлануда. Біз өзімізде бар техниканы батыстың өндірісіндегі ұшақтарға ауыстыруға тиіспіз. Қазақстан өз тарихында алғаш рет тікұшақтар мен ұшақтар құрастыратын мемлекетке айналып отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2011 жылы бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы министрліктердің қажеттілігі үшін алғашқы алты тікұшақты құрастырды. Биыл тағы 8 тікұшақты құрастыру жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ұшқыштар мен техникалық құрамды оқытатын академияның жұмысымен танысты. Аталған оқу орталығы авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық агенттіктің барлық талаптарына сәйкес құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны