08.05.2015, 21:30 3769

Бүгін Астанадағы парадқа қатысқан әскери техникалар тиелген бірінші бес эшелон қайтады

Бүгін елордаға Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуға әкелінген әскери техникалар тиелген бірінші бес эшелон тұрақты орналасқан жеріне қайтады

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін елордаға Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадқа қатысуға әкелінген әскери техникалар тиелген бірінші бес эшелон тұрақты орналасқан жеріне қайтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтсақ, үш эшелон еліміздіӊ оӊтүстік өӊіріне (Тараз және Шымкент қалаларына), алқалған екеуі Өскемен және Құрлық әскерлерініӊ әскери инстиутына (Алматы қ.) жөнелтіледі. Искери көліктердіӊ көлемдері мен салмақтарын ескерсек, оларды теміржол және авто көліктермен тасымалдау оӊай шаруа емес (танктер, бронетранспортерлер, жаяу әскердіӊ әскери көліктері, зеӊбіректі-зымыран кешендері және т.б.).

Сонымен бірге жеке құрамда біртіндеп жиналу үстінде. Осы орайда теміржол және автокөліктер билеттер алынды. Кеше кешке лагерден ҚР ҚК 1 170 әскери қызметші еліміздіӊ түрлі өӊірлеріне қайтты.

Шатырлы лагердіӊ жоспарлау кестесіне сәйкес 12 мамырға дейін толық жиналуы тиіс, осы уақыт аралығында барлық әскери техника мен қару-жарақ тұрақты жерлеріне жеткізіледі.

Естеріӊізге сала кетсек Астанадағы әскери парадқа қатысу үшін еліміздіӊ түрлі өӊірлерінен барлығы 5 000-ға жуық әскери қызметші, 200 қару-жарақ пен әскери техника және 70 әскери ұшақ пен тікұшақ әкелінген болатын. Елордаға наурыз айыныӊ соӊында келген жеке құрам мен әскери техника бір жарым ай бойы белсенді түрде жаттықты. Қазақстандық армияныӊ тарихындағы еӊ ауқымды әскери парадтыӊ қатысушылары атанып, 7 мамыр күні "Қазақ елі" алаӊындағы сымбатты лек қатарында салтанатты түрде адымдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны