18.04.2017, 21:11 7077

Бүгін "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде жаӊа экскурсиялық бағыт ашылды

Бүгін "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде жаӊа экскурсиялық бағыт ашылды. Бұл оқиға Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналып отыр, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркінде жаӊа экскурсиялық бағыт ашылды. Бұл оқиға Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналып отыр, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұл тек Қазақстанда, Алматыда ғана емес, сонымен бірге ТМД аумағында, Азия құрлығы көлеміндегі бірегей ескерткіш. Қала аумағында сақталып қалған мұндай ескерткіштер саусақпен санарлық. 2005 жылы Боралдай сақ қорғандары Алматыныӊ тарихи-өлкетану мұражайыныӊ, қазіргі атауы бойынша Алматы мұражайыныӊ құрамына енгізілген",- дейді мұражайдыӊ ғылыми-экспозициялық бөлімініӊ меӊгерушісі Найля Чулакова.

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні студенттер ашық аспан астындағы археологиялық саябаққа ағаш екті. Басты тілек - шаһар аумағында сақталған, ерте темір дәуіріне жататын бірегей Боралдай сақ қорғандарын көгалдандыру. Қорымныӊ негізгі бөлігін құрайтын биіктігі 10 метрден 14 метрге дейін жететін бұл қорғандарды археологтар "Патшалар әулетініӊ жерлеу кешені" деп атайды. Мұнда Жапония мен Корея ғалымдары болып қайтты. Қорғандарға геосканер жасалды. Мамандар қорғандарды толық зерттеу үшін ондаған жыл қажет екенін айтады.

Боралдай сақ қорғандары жалпы аумағы 430 га жерді қамтып жатқан 47 сақ қорғандарынан және 200-ге жуық үйсін обаларынан тұрады. Біздіӊ мақсатымыз - осы жерде болашаққа қаз қалпында сақтау, насихаттау. Осы арқылы елімізді, қаламызды көркейту, туризм бағытын дамыту.

18 сәуір халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай Алматы маӊындағы Боралдай Сақ қорғандарында қала әкімдігініӊ Мәдениет басқармасы, Алатау ауданы әкімдігі мен Алматы мұражайлар бірлестігініӊ ұйымдастыруымен 60 түп көшет отырғызылып, жастарға арнайы саяхат бағдарламасы ұйымдастырылды.

Алматы қаласы бойынша Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне 28 нысан кірген. Жалпы, еліміз, бойынша 25 мыӊнан астам тарихи мәдени ескерткіш бар. Ал, Боралдайдағы Сақ қорғандары қазіргі уақытта 430 гектар жерді қамтып жатыр. Мұнда 47 Сақ қорғаны, 200-ден астам Үйсін қорғаны орналасқан.

Бұл қорғандарда сол замандағы ел билеген тұлғалар жерленген. Болашақта бұл тарихи орын ашық аспан астындағы мұражайға айналмақ. Жалпы, ондай орталық әлемде екі мемлекетте бар. Бірі - Мажарстанныӊ Будапешт қаласында, екіншісі - Корея Республикасыныӊ Кенджу қаласында. Сол тарихи орталықтар үлгісінде жасалып жатқан жобалардыӊ бірі - осы Боралдайдағы Сақ қорғандары. Айта кететін жайт, Алматы қаласында көптеген археологиялық ескерткіштер бар, оныӊ көбісі апатты жағдайда. Себебі, оныӊ айналасында күн сайын құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан, жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргіземіз. Нәтижесінде, ол жерлерден қола қазан, керамикалық ыдыстар, алтыннан жасалған әшекей бұйымдар табылады. Табылған бұйымдар Алматы қаласы мұражайыныӊ экспозициясына қойылып отыр.

Бұл қорғандарға нақты қазба жұмыстары жүргізілген жоқ. Бұл қорғандар өз заманында, сосын 18-19 ғасырда аяусыз тоналған. Қазір қорғандарға барып қарасаӊыз, үстіӊгі беттері ойық екенін көресіз. Бұл - ұрланғанныӊ белгісі. Алайда, біз үмітсіз емеспіз. Себебі, 1969 жылы Алтын адам табылған қорым да тоналған болатын. Ұрылар Алтын адам қорымын тонағанда оныӊ екі камералы қорым екенін білмеген болса керек. Кемел Ақышев екінші камерасында жатқан адамды тапқан. Сол себепті, Боралдайдағы Сақ қорғандары тұрған аумақ, 430 га жер қоршалған. Болашақта тарихи жәдігерлер табылуы мүмкін.

- Қазіргі уақытта ғылыми жұмыстарға қаражат бөлінген. Ғылыми жұмыстар туристерге арналған орын қалай болуы керек, мұражай қалай орналасуы қажет деген секілді сұрақтарға жауап береді. Болашақта жеке қорық музей болып құрылуы мүмкін. Жалпы, келешекте үш бағыт бойынша, жүзеге асырылайын деп отыр. Бірінші, бір-екі қорғанға қазба жұмысын жүргізіп, құрылысын сол күйі қалдырып, музей ретінде туристерге көрсету жоспарда бар. Саяхатшылар қорғанныӊ қалай салынғанын, адамныӊ қалай жерленгенін көреді. Екінші бағыты, әртүрлі дәуірлердегі археологиялық ескерткіштердіӊ макеті жасалып, құрастырылады. Оны туристер арбамен жүріп тамашалайды. Үшінші бағыт - туристер үшін ашылатын орталық. Онда ұлттық бұйымдар, кәдесыйлар сатылады. Археология бойынша шеберлік сыныптары беріледі. Бұл жоба алдағы уақыттыӊ еншісінде.

Мемлекет басшысыны? "Болашаққа бағдар: рухани жа?ғыру" атты мақаласында:

"Қазақ "Туған жерге туы?ды тік" деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаны? тамған жері?е, өскен ауылы?а, қала? мен ө?ірі?е, яғни туған жері?е деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сол себепті, мен "Туған жер" бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оны? ауқымы ізінше оп-о?ай ке?ейіп, "Туған елге" ұласады.

Мәселен, "Ауылым - әнім" атты әнді айтқанда, "Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін" деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте тере? сөздер.

Бағдарлама неге "Туған жер" деп аталады? Адам баласы - шексіз зердені? ғана емес, ғажайып сезімні? иесі. Туған жер - әркімні? шыр етіп жерге түскен, бауырында е?бектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанны? өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіні? түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оны? мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша і?кәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмні? ма?ызды көріністеріні? бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодыны? негізі.

Ол - ұлттық бірегейлік негіздеріні? басты элементтеріні? бірі. Сондықтан, мы?жылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз.

Биыл Үкімет жұртшылықпен ақылдаса отырып, жобаны әзірлеуі керек",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны