03.05.2012, 12:13 3062

Бүгін елбасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасын қабылдады

Р.Түсіпбеков Қазақстан Президентіне қаржы полициясы органдарының 2012 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының нәтижелерін баяндады. Мысалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлықтың анықталуы 23 пайызға, экономикалық қылмыстардың анықталуы 6,5 пайызға артқан.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Р.Түсіпбеков Қазақстан Президентіне қаржы полициясы органдарының 2012 жылғы бірінші тоқсандағы жұмысының нәтижелерін баяндады. Мысалы, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, сыбайлас жемқорлықтың анықталуы 23 пайызға, экономикалық қылмыстардың анықталуы 6,5 пайызға артқан.

Ведомство басшысы сондай-ақ Мемлекет басшысын қаржы полициясы қызметкерлерінің кәсіпкерлік қызметіне араласпауы және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілері қызметіне араласу негіздемелерін жою және азаматтар құқығын қорғау мақсатында Астана мен Павлодар облыстарының департаменттерінде қосымша тергеушілердің қосымша тергеу кезеңіндегі рөлін арттыруға бағытталған пилоттық жоба енгізілген.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Агенттік алдына бірқатар міндеттер қойып, нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны