12.01.2012, 15:58 3734

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды, деп атап өтті елбасы.

Алматы. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына байланысты салтанатты жиналысқа қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауыша, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өте отырып, еліміз 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардағы қазақстандық тұтас ұрпақтың еңбегіне лайықты бағасын беруде. Олардың еңбектегі табыстары, олардың экономиканың негізін қалауға қосқан үлестері тәуелсіз Қазақстанның келешек дамуының іргетасына айналды. Жаңа тәуелсіз елді құрушы қазақстандықтар аға ұрпақ пен сол кезеңдегі басшылардың еңбегін бағалайды, деп атап өтті елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Д. Қонаевтың Қазақстан мен қазақ халқы тарихындағы рөлі мен мәнін жоғары бағалады.

"Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мәдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тәжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Д. Қонаев Алматы Қазақстандағы ең әсем қалалардың біріне айналуы үшін зор күш-жігерін жұмсады. Қазақстанның ғылымын, білімін, мәдениеті мен өнерін дамытудағы оның рөлі кеңінен танымал.

"Бүгін, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдық мерейтойы күні, осынау бірегей адамды есімізде сақтай отырып, біз оған деген өз құрметімізді көрсетіп отырмыз. Мәңгі есте қалдыру туралы менің Жарлығым бұдан 17 жыл бұрын қабылданған. Кезінде өзі қызмет атқарған университеттер мен кәсіпорындар, Алматыдағы және біздің жаңа елордамыз Астанадағы орталық көшелердің бірі, Қазақстанның өзге де қалаларындағы көшелер мен алаңдарға оның есімі берілген. Жүз жылдық мерейтойды мерекелеу аясында фильмдер түсіріледі, монеталар шығарылды, біздің көрнекті отандасымыздың өмірі мен қызметі туралы кітаптар жарық көрді", - деді Президент.

Салтанатты жиналыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның өнер шеберлерінің концерті болды және Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны