21.11.2011, 11:20 3712

Бүгін елбасының Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапары басталды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысында сапар жасайды деп күтілуде. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары екі күнге жалғасады деп жоспарлануда.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін елбасының Қарағанды облысына екі күндік жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысында сапар жасайды деп күтілуде. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары екі күнге жалғасады деп жоспарлануда.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Президенті Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап салынған теннис және бокс орталығында және мұз айдынында болады. Сонымен қатар, облыс орталығында бой көтерген 4000 адамға арналған мешітке барады деп күтілуде.

Бағдарламаның жоспары бойынша, бірінші күні ҚР Президенті Теміртау қаласына барады. Н.Назарбаев "АрселорМитталТеміртау" АҚ металлургия комбинатында жаңғыртылған №2 домна пешін қарап шығып, үздіксіз құйма шығаратын машинаның іске қосылуына қатысады. Сонымен қатар, Елбасы металлургтер қаласында салынған жаңа тарихи-мәдени орталықпен таныс болады.

Сапардың екінші күні ҚР Президенті Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы ұшақтарын шығаратын "ҚазАвиаСпектр" ЖШС жаңа зауытына ат басын бұрады. Осы жерде он-лайн режимінде инвестициялық және әлеуметтік жобалар іске қосылатын телекөпір өткізілмек.

Содан кейін, Мемлекет басшысы егемендіктің мерейтойы жылында облыс орталығында бой көтерген Тәуелсіздік монументін көреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны