05.06.2015, 16:02 4395

Бүгін Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті.

Онда салалық комитеттердіӊ ұсынысымен Палатаныӊ алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібініӊ жобасы нақтыланды

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Онда салалық комитеттердіӊ ұсынысымен Палатаныӊ алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібініӊ жобасы нақтыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Депутаттардыӊ талқылауына бірінші оқылымға атом энергиясын пайдалану туралы заӊ жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді.

Палатаныӊ жалпы отырысына Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы заӊ жобасы талқылауға шығарылады.

Сонымен қатар, депутаттарға Қазақстанныӊ "жасыл экономикаға" көшуіне қатысты заӊнамалық түзетулерге қатысты салалық комитеттерге қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылмақшы.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі таратты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны