18.04.2014, 19:17 2771

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясы өтеді

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясы өтеді

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылғы 18 сәуірде Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді.

Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың өкілдері қатысады, деп ҚХА-да хабарлады.Сондай-ақ, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны