04.06.2012, 16:45 3080

Бүгін Қазақстан мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді

Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 4 маусымдағы "ҚР Президентінің 1968 жылғы 20 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы" №382 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" № 337 Жарлығына сәйкес бұл күн Мерекелік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Алматы. 4-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан бүгін, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Биыл Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалауы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" Заңдар күшіне енгеніне 20 жыл толып отыр..

Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 4 маусымдағы "ҚР Президентінің 1968 жылғы 20 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы" №382 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" № 337 Жарлығына сәйкес бұл күн Мерекелік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Инұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.

Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады.

1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.

2006 жылғы қаңтардың 6-да Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әні Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны болып бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер туралы конституциялық заңда "ҚР азаматтары, сондай-ақ республика аумағындағы тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс" деп белгіленген.

Мемлекеттік рәміздер күні - Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны