01.07.2013, 13:46 2790

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Ballet" хореграфиялық ұжымының тұсаукесер концертін тамашалады

Тұсаукесер концертке дайындық процесіне хореграфиялық өнер саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар мен ойын-сауық қойылымын ұйымдастырушы белгілі шеберлер атсалысты.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Astana Ballet" хореграфиялық ұжымының тұсаукесер концертін тамашалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бағдарламада әлем халықтары би өнерінің үздік дәстүрлерін, сондай-ақ әлемдік классика үлгілерін көрсететін концерттік нөмірлер ұсынылды.

Тұсаукесер концертке дайындық процесіне хореграфиялық өнер саласындағы жетекші отандық және шетелдік мамандар мен ойын-сауық қойылымын ұйымдастырушы белгілі шеберлер атсалысты.

"Astana Ballet" - Қазақстанның ұлттық би өнерін әлемдік қоғамдастыққа таныта алатын имидждік жоба. Бұл ұжым А.Селезнев атындағы Алматы хореграфия училищесінің түлектерінен жасақталған.

Ұжымның басты мақсаты - әлемдік хореграфия өнерінің қазіргі заманғы үрдістеріне сай келетін, сонымен бірге ұлттық өзіндік ерекшелігі айқын жаңа репертуар қалыптастыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны