06.09.2012, 11:43 3150

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасының уәкілімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ватикан арасында жемісті ынтымақтастық бар екенін атап өтті, сондай-ақ Киелі Тақтың Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру идеясына қолдау көрсеткені және оның жұмысына белсенділікпен қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасының уәкілі, Киелі Тақ кардиналдар алқасының деканы, кардинал Анджело Соданомен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ватикан арасында жемісті ынтымақтастық бар екенін атап өтті, сондай-ақ Киелі Тақтың Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру идеясына қолдау көрсеткені және оның жұмысына белсенділікпен қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Осы орайда, А.Содано Рим Папасы XVI Бенедикттің сәлемін жеткізді және Ватиканның біздің еліміздің конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан үлесін және оның халықаралық қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ дінаралық және этносаралық диалог пен толеранттылық саласындағы рөлін жоғары бағалап отырғанын атап өтті.

Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам католик храмы мен шіркеуі жұмыс жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны