27.06.2013, 10:11 2514

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті

Екі елдің көшбасшылары Ұлыбритания Премьер-Министрінің алдағы сапарының бағдарламасын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын дайындау барысын талқылады.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Екі елдің көшбасшылары Ұлыбритания Премьер-Министрінің алдағы сапарының бағдарламасын, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың шарттық-құқықтық базасын дайындау барысын талқылады.

Иңгіме кезінде Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі кездесудің өзара іс-қимылдың барлық саласындағы ынтымақтастықты жандандыру мен тереңдетудегі маңызды фактор ретіндегі мәнін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлыбритания Премьер-Министрі Қазақстанға сапарды ерекше толғаныспен күтетінін мәлім етіп, оның тарихи мәніне тоқталды.

Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстандағы жағдайды реттеуге және тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның белсенді әрекеті үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, тараптар энергетика, көлік-логистика және инновация салаларындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны