04.05.2015, 20:46 3837

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қарулы Күштеріндегі үздік рота командирлерін наградтады

Бүгін, 4 мамырда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Астанада еліміздіӊ Қарулы Күштеріндегі байқау қорытындысы бойынша үздік атанған он бес рота командирін наградтады

Астана. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін, 4 мамырда ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Астанада еліміздіӊ Қарулы Күштеріндегі байқау қорытындысы бойынша үздік атанған он бес рота командирін наградтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Үстіміздегі жылдыӊ басында ҚР Қарулы Күштерінде үздік рота командирі атағына жалпы әскери байқау өтті. Кәсіби шеберліктері мен командирлік қасиеттерін ҚР ҚК әскер тектері мен өӊірлік қолбасшылықтардыӊ офицерлері сарапқа салды. Үздік рота командирі атағына үміткерлер мемлекеттік-құқықтық, атыс, дене, тактикалық және арнайы даярлықтар, әскери топография, қару-жарақ пен әскери техника бойынша білімдерінен сынақтарды сәтті тапсыруы тиіс болатын. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Он бес офицер түрлі мамандықтар бойынша "Үздік рота командирі" атағына лайық деп танылды. Баршаӊыз өз кәсіби және жауынгерлік шеберліктеріӊізді, Отан алдындағы лайықты қызметтеріӊізді көрсете білдіӊіздер. Дегенмен сіздер еӊ бастысы үздік командир ғана емес, өз жауынгерлеріӊіз үшін нағыз тәлімгер сондай-ақ, бүкіл жеке құрамға үлгісіздер. Сіздерге қарап рота сап түзейді. Ир жауынгер сіздерді әскери борыш пен айбынныӊ идеалы деп біледі. Жауынгерлер үшін сіздер командир ғана емес армия сапындағы талап ете білетін, қажет кезінде қолдау көрсететін еӊ жақын адамсыздар", - деді салтанатты рәсімде ҚР Қорғаныс министрі.

Осы орайда қорғаныс ведомствасыныӊ басшысы үш офицерге - аға лейтенанттар Мейірхат Бисатов, Ернар Қуанышқалиұлы және Евгений Пайға мерзімінен бұрын "капитан" атағын беріп, барлық он бес әскери қызметшіге грамоталар мен естелік сыйлықтар (командир сағаттарын) табыс етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны