06.04.2015, 17:07 3866

Бүгін ҚР Парламентініӊ Мәжіліс және Сенат депутаттары Астана қаласы әкімшілігініӊ ұйымдастыруымен өткізген Жеӊістіӊ 70 жылдық мерекесіне арналған ТМД Парламентаралық Ассамблеясыныӊ "Еске алу эстафетасы" халықаралық акциясына қатысты.

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясы Федерация Кеӊесініӊ спикері Валентина Матвиенконыӊ патронаттығымен өтіп жатқан ТМД ПАА халықаралық акциясы 11-наурызда Минск қаласында басталған. Одан әрі Бакуде жалғасып, Кишинев, Ереван, Бішкекте, Душанбеде, Мәскеуде салтанатты түрде алау отын жақты. Сол тарихи, дәстүрлі эстафета Қазақстанныӊ елордасына да келіп жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астанадағы "Еске алу эстафетасы" ТМД-на қатысушы-мемлекеттер парламентшілері "Отан қорғаушылар" Монументіне гүл шоқтарын қою салтанатынан басталды. ҚР Парламенті Сенаты Төрағасыныӊ орынбасары Қайрат Ищанов пен Мәжіліс Төрағасыныӊ орынбасары Сергей Дьяченко ТМД ПАА делегациясы өкілдері, Ұлы Отан Соғысыныӊ және тыл ардагерлері мен Астана қаласыныӊ әскери-патриоттық жұмыстармен айналысатын жастар ұйымдары мүшелерініӊ алдында сөз сөйледі.

Мәжіліс вице-спикері С.Дьяченко өз сөзінде: "Жеӊіс күні - ТМД елдері үшін қасиетті мереке. Бұл ұлы күн әрбір қазақстандықтыӊ жүрегінен ерекше орын алып отыр. Сондықтан біз бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясыныӊ "Еске алу эстафетасы" халықаралық акциясын құшақ жая қарсы алудамыз.

Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тылда еӊбек еткендерге айырықша ықыласпен әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсетілгеніне назар аударады. "Бірде-бір ардагер мемлекет назарынан тыс қалмауы керек",- деп атап отырады.

Ұлы Жеӊіс Меркесі - біздіӊ әкелеріміз бен аталарымыздыӊ ортақ жауға қарсы топтасып, батырлық пен бірлік көрсеткен ұлы ерлігін еске алу күні. Біздіӊ ардагерлер шынайы патриоттықтыӊ өнегесін көрсетті. Біздіӊ ендігі мақсатымыз олардыӊ сол ерліктерін үлгі ете отырып жас ұрпақты тәрбиелеу.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан келген делегация мүшелерін осынау акцияны бастап келгендері үшін алғысымды білдіремін.

Біздіӊ ортақ тарихымызды еске ала отырып біз ТМД мүше елдер арасындағы сенім мен достық қатынастарымызды бекіте түсетінімізге сенімдімін",- деді.

Санкт-Петербор қаласы Мәӊгілік алауыныӊ арнайы капсуласына Астана қаласындағы "Отан қорғаушылар" монументінен салтанатты түрде Мәӊгілік алау отынан тұтатып, эстафетаны жалғастырып алып кетті.

Акция 16-сәуірде Санкт-Петерборда өз мәресіне жетеді. ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттер парламентшілері Таврический сарайында жалын бөлшектерін салтанатты түрде бірыӊғай Достастық алауына біріктіріп, "Ленинградты ерлікпен қорғаушылар монументі" - Санкт - Петербор мемлекеттік тарихи мұражайы филиалына табыс етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны