24.05.2012, 16:28 2754

Бүгін ҚР президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген шетелдерден келген тұлғалардың өтініштері қаралды.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген шетелдерден келген тұлғалардың өтініштері қаралды.

"Тәуелсіздік жылдарында Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтың саясатының арқасында әлемнің әртүрлі елдерінен келген 850 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Олардың басым көпшілігі күштеп коллективтендіру мен жаппай қуғын-сүргін жылдары өздерінің тарихи Отанын тастап кетуге мәжбүр болған біздің отандастарымыздың ұрпақтары болып табылады, - деп атап өтті отырысты ашқан Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Мемлекеттік хатшы Германияға, Грецияға, Ресейге, Украинаға, Беларуське және өзге елдерге 1990-жылдары көшкен адамдардың соңғы кездері Қазақстанның азаматтығын қайта алғысы келген үрдісі бар екенін атап өтті. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде еңбекақы, әлеуметтік жәрдемақы, зейнетақы мөлшері қысқартылу үстінде. Қазақстан қазіргі кезде ауқымды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асырып, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, қолжетімді тұрғын үйлер салып, тұрақты дамып келеді. Жыл сайын қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жоғарылап келеді.

"Қазақстанның азаматтық институттарының халықаралық беделі, біздің еліміздің әлеуметтік жүйесінің мәртебесі артуда. Мұның өзі Мемлекет басшысының ұлтаралық, конфессияаралық және қоғамдық келісімге негізделген сарабдал саясатының арқасында мүмкін болды. Бұл Елбасының басшылығымен елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыртудағы Қазақстан қол жеткізген толағай табыстарының танылғандығының айқын айғағы. Осы орайда, біз азаматтық алу туралы әрбір өтінішке аса мұқият және құрметпен қарауымыз керек", - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы М.Құл-Мұхаммед.

Отырыста Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Н.Ибіқаевтың, Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың есептері тыңдалды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия тарапынан тиісті шешімдер қабылданып, нақты ұсынымдар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны