Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен брифинг өтті
Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаӊғырту туралы" тақырыбында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпованыӊ қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеӊге арналған Қазақстанныӊ зейнетақы жүйесін әрі қарай жаӊғырту тұжырымдамасында келесі өзгерістер қарастырылғанын алға тартты:
- 2017 жылғы 1 шілдеден зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 50% құрап, 10 жылдан асқанда әрбір толық жыл үшін күнкөріс деӊгейі мөлшерініӊ 2% мөлшерінде ұлғайтып отыру;
- 2018 жылдан жұмыскер табысыныӊ 5% жарнасын Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотына аудару есебінен жаӊа шартты-жинақтаушы компонента енгізу; жұмыскер зейнетақы жасына жеткенде және жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем емес жағдайда шартты-жинақтаушы компонентадан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы құқығына және болжалды өмір сүру ұзақтығына байланысты анықталады. Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұрагерлікке берілмейді.
Вице-министр 2015 жылғы мамырдан бастап "Қазпошта" АҚ және мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ мамандары алыс аудандардыӊ елді мекендерінде тұратын азаматтардан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметініӊ мүгедектікті белгілеуіне құжаттар қабылдау ұйымдастыратынын жеткізді. Қызмет алушыларға тұрғылықты жерлерінде көрсетілетін мұндай қызметтер (құжаттар қабылдау және есеп-шот ашу) қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызметтер алуға кететін шығын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Светлана Жақыпова 2015 жылғы 20 ақпанда Елбасы "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР Заӊына қол қойғанын еске салды. Ол құжат азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтарын іске асыруда мүгедектерге өзге азаматтармен теӊдей жағдай жасауға бағытталған. Айта кету керек, Конвенция мүгедектерді әлеуметтік қорғаудыӊ қазіргі жүйесінде жалпылай алғанда көрініс тапқан.
Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше маӊыз беріледі. Өӊірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы хабарласқан 14 мыӊ мүгедек жанныӊ ішінде 7,3 мыӊы (52,1%) жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 3,7 мыӊ мүгедек қатысты. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі 761 адам әлеуметтік жұмыстарға орналастырылды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жалпы жұмыс орындарыныӊ 3% мөлшерінде квота белгілеу арқылы мүгедектерді жұмыспен қамтиды. 2014 жылы квота аясында 6 мыӊ мүгедек жан немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардыӊ (12,9 мыӊ адам) 46,5% жұмысқа орналастырылды.
Илеуметтік және көлік инфрақұрылымыныӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде. Барлық өӊірлер нысандарды хаттау және бейімдеу жоспарын бекітті. 24,4 мыӊ нысан құжатталып, бейімделуге тиіс 18,9 мыӊ нысанныӊ 2371-і бейімделді.
Светлана Жақыпова 2009 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді кезеӊ-кезеӊмен енгізу арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаӊғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Бұл шаралар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында анықталған тәртіп пен талаптарға сай іске асырылуда. Стандарттарды іске асыру кезеӊінде қазіргі медициналық-әлеуметтік ұйымдардыӊ материалдық-техникалық базасы жақсартылып, штаттық санын кеӊейту есебінен көрсетілетін қызметтердіӊ сапасы арта түсті.
Үкіметтік емес секторда 74 ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетті, бұл 2009 жылмен (10 ҮЕҰ) салыстырғанда 7,4 есеге көп. Осы мақсаттарға 2009 жылдан бастап 204 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теӊге бөлінді.
2015 жылы мынадай іс-шаралар жоспарлануда:
- БҰҰ ДБ 2015 жылға арналған жобасыныӊ шеӊберінде елімізде шағын сыйымдылықтағы үйлер желісін дамытудыӊ мониторингі мен орындылығын айқындаумен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру немесе қызметтерді сатып алу арқылы шағын сыйымдылықтағы үйлерді дамыту жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру;
- ММ-ны басқа өӊірлерде де мүгедектер мен қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердегі мемлекеттік кәсіпорынға ауыстыруды меншік нысанын алмастыру мәселесін қарастыру және пилоттық жобалардыӊ нәтижелерін зерттеу арқылы 2015 жылы Алматы және Астана қалаларында пилоттық режимде жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасыныӊ 2030 жылға дейінгі Илеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру шеӊберінде Министрлік азаматтардыӊ табысы аз санатын әлеуметтік қорғаудыӊ пассив моделінен актив моделіне өту жұмыстарын жүргізуде.
Аталған тәсілдер 2014 жылы отбасыныӊ еӊбекке қабілетті мүшелерініӊ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және өту, қажеттігіне қарай отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін "Өрлеу" пилоттық жобасын үш облыста (Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында) қолға алу арқылы іске асырыла бастады.
Өткен жылы жобаға 4 мыӊға жуық отбасы қатысты. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудіӊ белсенді шараларына 5066 адам немесе "Өрлеу" жобасыныӊ еӊбекке қабілетті қатысушыларыныӊ жалпы саныныӊ 88% тартылды.
Сәйкесінше, жобаға қатысушылардыӊ табысы (2 еседен артық) артты, атаулы әлеуметтік көмек алушылардыӊ құрылымындағы еӊбекке қабілетті тұрғындардыӊ үлесі 21,1%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушылардыӊ саны -16%-ға, балалар жәрдемақысын алатындар саны - 3,7%-ға қысқарды.
Өткен жылғы жұмыс қорытындысын ескеретін болсақ, 2015 жылы: механизмдерін жетілдіре отырып пилоттық жобаны іске асыруды жалғастыру; бүкіл еліміз бойынша әлеуметтік келісімшарт талаптарында шартты әлеуметтік көмекті 2016 жылғы 1 шілдеден бастап толыққанды енгізу үшін нормаларды көздейтін заӊ жобасын әзірлеу; 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен барлық өӊірлерде "Өрлеу" жобасына ұқсас өӊірлік пилоттық жобаларды әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Вице-министр балалы отбасылардыӊ әлеуметтік жағдайын нығайту мақсатында республикада жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес мынадай әлеуметтік төлемдер:
- бала туғанда берілетін жәрдемақы (табысына қарамастан);
- отбасындағы туған және тәрбиеленіп жатқан балалардыӊ санына қарай сараланған мөлшерлерде отбасыныӊ табысына қарамастан бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға еӊ төмен жалақыдан 1,05 мөлшердегі жәрдемақы;
- кірісі кедейлік шегініӊ мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасыларға айлық есептік көрсеткіштен 1,05 мөлшерде тағайындалатын және төленетін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы көзделген.
Көп балалы аналардыӊ мәртебесі мен абыройын арттыру үшін 2014 жылы мемлекеттік наградалармен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан 11853 теӊге мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Олардыӊ саны жалпы еліміз бойынша орта есеппен 245,8 мыӊ болды, аталған жәрдемақыны төлеуге 2014 жылы республикалық бюджеттен 34,6 млрд. теӊге бөлінді.
Мемлекеттен 7705 теӊге мөлшерінде осыған ұқсас қолдауды төрт балалы және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары бар 220,1 мыӊдай көп балалы отбасы алады. Бұл мақсаттарға 2014 жылы республикалық бюджеттен 20,6 млрд. теӊге бөлінді.
Брифинг соӊында Светлана Жақыпова 2015 жылы Ұлы Отан соғысына (ҰОС) қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теӊестірілген тұлғаларға, тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек беруге республикалық бюджетте 5 млрд. 690 млн. теӊге қарастырылғанын айтып берді.
Нақты айтқанда, бір реттік материалдық көмек келесі ретте қарастырылған:
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге 100 мыӊ теӊге;
- ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге теӊестірілген тұлғаларға, Жеӊіске үлес қосқан азаматтарға 70 мыӊ теӊге;
- ҰОС кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердіӊ жұбайларына, ата-аналарына, Ленинград қоршауында болған тұрғындарға және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары фашистер мен олардыӊ одақтастары құрған концлагерлерде, гетто және өзге де мәжбүрлеп ұстау орындарында кәмелеттік жасқа дейін тұтқында болғандарға 30 мыӊ теӊге;
- тыл еӊбеккерлеріне және Ұлы Отан соғысыныӊ қайтыс болған мүгедектерініӊ жұбайларына, Ұлы Отан соғысындағы Жеӊіске қосқан үлесі үшін оларға теӊестірілген тұлғаларға 25 мыӊ теӊге.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі