06.02.2015, 12:29 3927

Бүгін Мәскеуде ЕАЭО үкіметаралық кеӊесініӊ бірінші отырысы өтеді

Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерініӊ басшылары интеграция, нормативтік-құқықтық базаныӊ дамуы және топтаманыӊ қызметі бойынша бірқатар нақты жобалардыӊ іске асырылуын талқылайды

Мәскеу. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерініӊ басшылары интеграция, нормативтік-құқықтық базаныӊ дамуы және топтаманыӊ қызметі бойынша бірқатар нақты жобалардыӊ іске асырылуын талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еуразиялық үкіметаралық кеӊесініӊ бірінші отырысы жұма күні Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Шараға Қазақстан, Ресей, Беларусь (1 қаӊтардан бастап төрағалық ететін ел), Армения және Қырғызстан елдерініӊ үкімет басшылары қатысады.

ЕАЭО-ны құру жиынтық ЖІӨ ТМД жалпы өнімініӊ 85 пайызын құраған бұрынғы Кедендік одақ елдерініӊ қатысушыларын интеграцияныӊ одан да жоғары деӊгейіне шығарады. Осылайша, ТМД кеӊістігіндегі (170 миллион адам) экономикалық дамудыӊ жаӊа қуатты орталығына айналатын ірі жалпы нарықтыӊ қалыптасуы аяқталады.

Сондай-ақ отырыста Қырғызстанныӊ ЕАЭО-қа қосылуы мәселесіне баса көӊіл бөлінеді.

Бұдан басқа, үкімет басшылары ЕАЭО елдеріндегі сала кәсіпорындарыныӊ арасында өзара әрекеттесудіӊ мүмкіндіктерін кеӊейтіп, одақ аумағында шығарылатын білдек жасау жабдықтарыныӊ инновациялық қолданылуы арқылы өнеркәсіп өндірістерініӊ жаӊғыртылуына септігін тигізетін білдек жасау бойынша Еуразиялық инжиниригтік орталығын құрудыӊ тәжірибелік аспектілерін талқылайды.

Отырысқа қатысушылардыӊ сондай-ақ ЕАЭО желісі бойынша халықаралық ынтымақтастықты, соныӊ ішінде одақтыӊ негізгі сауда серіктестерімен бірге сауда-экономикалық өзара әрекеттестіктіӊ басымдық бағыттарын талқылайтыны күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны