03.06.2015, 17:24 3822

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтті.

Халық қалаулылары "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ және Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ 2014 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы есептерін" тыӊдап, жан-жақты талқылады

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Халық қалаулылары "Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ және Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ 2014 жылғы республикалық бюджеттіӊ атқарылуы туралы есептерін" тыӊдап, жан-жақты талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Республикалық бюджеттіӊ атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетініӊ төрағасы Қозы-Көрпеш Жаӊбыршин негізгі, ал, Мәжілістіӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ мүшесі Құттықожа Идирисов қосымша баяндама жасады.

Бақыт Сұлтановтыӊ айтуынша, 2014 жылғы республикалық бюджет теӊгерімді атқарылды. Шамамен 6 трлн. теӊге түсімдер, 7,1 трлн. теӊге шығыстар және 1,1 трлн. теӊге тапшылық көлемінде бағаланып отыр.

Атқарылу пайыздары алдыӊғы жылдардан артып, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық қаржыландырылған.

Сондай-ақ жаӊа инвестициялық жобалар мен бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі жобаларға серпін берілген.

Қаржы министрі республикалық бюджеттіӊ тиімділігін арттыру мақсатында мәжілісмендер жиі көтеретін маӊызды сұрақтарды назарға алып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды жеті бағытқа бөліп атап өтті. Олар кірістердіӊ атқарылмауына әсер еткен факторлар, артық төлемге және бересіге, қосылған құн салығын қайтаруға байланысты ахуал және жалған кәсіпкерлікті қамтитын кірістер және оларды әкімшілендіру, бизнеске жағдай жасау, жалған кәсіпкерлікке жол бермеу және сыртқы сауданыӊ экономикамызға және бюджетке тиімділігін арттыруды көздейтін кірістер бойынша резервтер, квазисектордыӊ қаражатты мақсатты және тиімді жұмсауын бақылайтын квазимемлекеттік сектордыӊ кассалық , бюджет және Ұлттық қор арқылы түрлі секторларды қолдауға қаржы бөлінетін субсидиялар мен жеӊілдікті кредиттердіӊ қол жетімділігі мен тиімділігі, мемлекеттік органдардыӊ бюджеттерді игеруі, үкіметтік борыш, кепілдіктер, дебиторлық және кредиторлық берешектерті қамтитын қаржылық міндеттемелер, сондай-ақ, стратегиялық жоспарлардыӊ нысаналы индикаторларына қол жеткізу мәселелері.

Айтылғандардыӊ барлығы бюджет заӊнамасын жетілдіру аясында алдағы уақытта да жан-жақты талданып, талқыланатын болады.

Ал, Қозы-Көрпеш Жаӊбыршинніӊ баяндамасында бюджет кірістерініӊ атқарылу проблемалары, бағдарламалық және стратегиялық құжаттардыӊ тиісті деӊгейде әзірленбеуі және олардыӊ жеткілікті түрде тиімді іске асырылмауы, бюджет қаражатыныӊ игерілуі, квазимемлекеттік сектор субъектілерініӊ қызметіндегі кемшіліктер, орталық және жергілікті деӊгейлердегі инвестициялық жобалардыӊ іске асырылуы кезіндегі проблемалар, бюджетаралық қатынастардыӊ жетілдірілмеуі және трансферттерді пайдалану кезіндегі жүйелі проблемалар сандық көрсеткіштермен айтылды.

Жалпы алғанда есепті жылы 2 мемлекеттік және 15 салалық бағдарламаныӊ іске асырылуын бағалаудыӊ қорытындысы бойынша 127,7 млрд. теӊгеге бюджет және өзге де заӊ бұзушылықтар анықталды, 56 млрд. теӊге тиімсіз пайдаланылған. Есептеулер бойынша, нәтижелілік принципі орындалмаған жалпы сома 378,5 млрд. теӊгені құраған.

Маӊызды құжат бойынша Мәжіліс депутаттарын алаӊдатқан мәселелер аз болмады. Халық қалаулылары өзекті сұрақтарды алға тартып, сыни пікірлер айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов бюджеттіӊ орындалуы мен жетіспеушілігіне қатысты мәселеге айрықша назар аудара келіп, бұл сұрақтыӊ жыл сайын көтерілетіндігін, енді Үкімет пен Ұлттық компания мүшелерінен бұрынғыдан да қатаӊ сұраныс талап ету қажеттілігін атап өтті.

Ұзақ талқылаудан соӊ Мәжіліс құжатты Сенатқа жіберу туралы Қаулы қабылдады.

Жалпы отырыста Сот жүйесі мен судьяларыныӊ мәртебесі туралы конституциялық заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заӊ жобасы талқыланып, мақұлданды.

Конституциялық заӊ жобасында судьяларды зейнетақымен қамсыздандыру институтын қайта ұйымдастыру арқылы отставкадағы судьялардыӊ өмір бойғы қамтылымын енгізу көзделеді.

Бұл төлемдер ай сайын жүзеге асырылады және оларға салық салынбайды. Мұндай төлемдердіӊ мөлшері судьяныӊ соӊғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысынан пайыздық арақатынаста белгіленеді. Бұл ретте, судьялар үшін республикалық бюджет есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары алып тасталады.

Сондай-ақ мәжілісмендер "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір конституциялық заӊдарына азаматтық процестік заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын мақұлдады.

Конституциялық заӊныӊ жобасында сайлау туралы және сот жүйесі мен судьяларыныӊ мәртебесі туралы Конституциялық заӊдарға аталған конституциялық заӊдардыӊ нормаларын Азаматтық процестік кодекс жобасыныӊ ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған түзетулер енгізу көзделеді.

Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардыӊ жарыспалылығы мен теӊ құқылығы негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте тараптар теӊ процестік құқықтарды пайдаланады және олардыӊ теӊ процестік міндеттері болады.

Сот шешіміне шағым жасау мүмкіндігі шығарылған шешімніӊ сипатына байланысты болмайды. Тараптар - арыз беруші де, жауапкер де (мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, сайлау комиссиясы, лауазымды адам) теӊ жағдайда болуға тиіс.

Осы күні Мәжіліс "Құқықтық актілер туралы" Заӊ жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады.

Заӊ жобасы құқықтық актілерді екі топқа - нормативтік құқықтық және нормативтік емес құқықтық актілерге бөледі. Нормативтік құқықтық актілер ретінде қазіргі таӊда қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен олардыӊ түрлері, нормативтік емес құқықтық актілер тобына нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру актілері, жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер жатқызылды.

Заӊ жобалау қызметін жоспарлаудыӊ жаӊа нысаны - Парламент сайланымыныӊ кезеӊіне арналған заӊ шығару жұмысыныӊ тұжырымдамалық жоспарын енгізу ұсынылып отыр.

Құжатты талқылау барысында Мәжіліс депутаттарынан, тұрақты комитеттер мен заӊнама бөлімінен барлығы 200-ден астам ескертпелер мен ұсыныстар түскен.

Ал, ілеспелі құжат қолданыстағы заӊнамалық актілерді "Құқықтық актілер туралы" Заӊ жобасына сәйкес келтіруге бағытталған.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық құжаттарды қарап, оӊ баға берді. Атап айтатын болсақ, "Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы".

Конвенция 1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған. Ол азаматтық немесе сауда істерініӊ сот құжатын немесе соттан тыс құжатты шетелге беру және тапсыру үшін жіберу қажет болатын барлық жағдайларында қолданылады.

Конвенцияға сәйкес әрбір уағдаласушы Мемлекет басқа уағдаласушы Мемлекеттерден келіп түсетін құжаттарды тапсыру туралы сұрау салуды қабылдау және қарау міндеті жүктелетін Орталық органды тағайындайды.

"Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жөнінде келісімді ратификациялау".

Келісім Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, оныӊ ішінде бірлескен су биологиялық ресурстарын басқару мақсатында жасалған.

Осы Келісімніӊ мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар бірлескен Комиссия құрады.

Тараптар бірлескен су биологиялық ресурстарын кәсіптік аулауды Комиссия белгілеген бірыӊғай өлшем-шарттар негізге алынып айқындалған жалпы жол берілетін аулау, ұлттық квоталар, бірыӊғай реттеу шаралары, заӊсыз кәсіптік аулауға қарсы күрес жөніндегі өзара міндеттемелер және өсімді молайту жөніндегі шаралар негізінде жүзеге асырады.

Осы күні ратификацияланған Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоӊыр қаласыныӊ білім беру ұйымдарын беру туралы үкіметералық келісім бойынша Ресей Байқоӊыр қаласыныӊ Ресей Федерациясы юрисдикциясындағы білім беру ұйымдарын береді, ал, Қазақстан осы Келісімніӊ қосымшасы және ажырамас бөлігі болып табылатын тізбеге сәйкес білім беру ұйымдарын Қазақстанныӊ юрисдикциясына қабылдап алады.

Тараптар білім беру ұйымдарын қабылдап алуды-беруді жүзеге асыру үшін бірлескен комиссия құрады.

Сонымен қатар, осы күні Мәжіліс мұнай өнімдерініӊ жекелеген түрлерін өндіруді және олардыӊ айналымын мемлекеттік реттеуге қатысты, сондай-ақ, Қазақстан мен Литва арасындағы адамдардыӊ реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді, Қазақстан мен Ресей арасындағы реадмиссия туралы келісімді және оны іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялауға байланысты заӊ жобаларын жұмысқа қабылдады.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны