26.06.2013, 14:36 2554

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңында "жасыл белдеуді" дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Кеңеске Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е.Нысанбаев және Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Крылов қатысты.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңында "жасыл белдеуді" дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеңеске Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е.Нысанбаев және Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Крылов қатысты.

Мемлекет басшысына Астана маңында жасыл белдеуді қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етілді. Орманды алқап аймағында рекреациялық аймақ құруға, сондай-ақ қала аумағын жасылдандыруға және жас көшеттер алаңын ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны