04.07.2013, 10:42 2747

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев " Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады бейсенбіде елбасының баспасөз қызметінен.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" президенттік кәсіби спорт клубының тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев " Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру үшін Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады бейсенбіде елбасының баспасөз қызметінен.

Алдында мәжілістің экономикалық реформа және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік жоспарлау саласында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, жүзеге асыру және оңтайландыру үшін бірыңғай құқықтық шарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

"Мемлекеттік жоспарлау жүйесі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірлену, орындалу, мониторингісі және бағалану үрдістерін көздейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау жүйесі мынадай құжаттардан құрылған: 2030 жылға дейін Қазақстанды дамыту, Қазақстанды алдағы он жылда дамытудың стратегиялық жоспары, елді аумақтық -кеңістік дамытудың болжамдық жүйесі, ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, мемлекеттік бағдарламалар,әлеуметтік -экономикалық даму болжамдары, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысы бар ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары және даму жоспарлары, салалық бағдарламалар, республикалық және жергілікті бюджеттер", -деген болатын алдында мәжіліс депутаттарына құжатты ұсынған кезде республиканың экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны