Система Orphus

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады

02.05.2013, 11:34 2579

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесуге Президент Икімшілігінің Басшысы К.Мәсімов пен Президент Икімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов қатысты.

Кездесу барысында Премьер-Министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады.

"Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімнің номинальды көлемі жоспарланғаннан 1,4 трлн. теңгеге төмен болды. Сөйтіп, экономикалық өсім күтілген 6 пайыздың орнына 5 пайызды құрады. Соның өзінде, біз бұл жаман көрсеткіш емес деп санаймыз. Сонымен қатар, металлургия мен тау-кен металлургия салаларының негізгі экспорттық өнімдеріне сұраныстың азаюы мен әлемдік бағаның төмендеуі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынының төмендеуінен және республикалық бюджеттің түсімдерінен де байқалды. Осындай нәтижелерді есепке ала отырып, біз бюджетке түзетулер енгізуді жоспарлаудамыз. Өйткені күткеніміздей, биыл ол 495 миллиардтай теңгені жеткізе алмай отыр. Сонымен бірге, түсімдерді ұлғайту жөнінде жұмыс жүргізілуде және жағдайды түзету үшін қажетті шаралар қабылданатын болады", - деді С.Ахметов.

Нұрсұлтан Назарбаев бюджеттің кіріс бөлігінің көрсеткіштерін оның теңдестірілуі мен тиімділігі мақсатында анықтау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша қаралған мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны