30.04.2013, 15:44 6529

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан Қазақстан тарихы мұражайында болды

Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары барысымен және мұражай ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі жоспармен танысты.

Астана. 30-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан Қазақстан тарихы мұражайында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары барысымен және мұражай ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі жоспармен танысты.

Мұражайдың экспозициясы мен көрмесі Қазақстанның ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі тарихы мен мәдениетін көрсетуге арналған. Көлемі 14 мың шаршы метрді құрайтын экспозиция алаңы Тарих мұражайы, Алтын және қымбат металдар мұражайы, Өнер мұражайы экспозицияларын орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экспозицияның едәуір бөлігі ұлт мәдениеті мен жазуының көп ғасырлық тарихына, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналатын болады.

Сондай-ақ, мұражай кездесулер, форумдар және білім беру бағдарламалары өтетін орын болып саналады. Бұл үшін ғимаратта уақытша көрмелер ұйымдастыруға, тарихты ғылыми-зерттеу институтын орналастыруға арналған бөлмелер, қалпына келтіру шеберханасы, зертхана, қор сақтау бөлмесі, оқу залы бар кітапхана, кинодәріс залы қарастырылған.

Қазақстан тарихы мұражайы ұлттық жаңғырудың және мәдени ілгерілеудің рухани орталығына айналатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны