30.05.2012, 16:27 2636

Бүгін мемлекет басшысы Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін ашты

Съездің құрметті қонақтары арасында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Түрки, Папаның Киелі Тақ делегациясының басшысы кардинал Джованни Лайоло, Исламдық мазхабтарды жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мухаммад Или Тасхири, Израильдің бас ашкеназ раввині Ион Мецгер және басқалар бар.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Форум жұмысына әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысуда. Съездің құрметті қонақтары арасында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл, Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Түрки, Папаның Киелі Тақ делегациясының басшысы кардинал Джованни Лайоло, Исламдық мазхабтарды жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Мухаммад Или Тасхири, Израильдің бас ашкеназ раввині Ион Мецгер және басқалар бар.

Қазақстан Президенті съезді аша отырып, Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы өзекті мәселелер жиі талқыланатынын атап өтті. Өз тарихындағы 9 жыл ішінде Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әрқашан күрделі жаһандық үдерістер кезінде өткізілгеніне тоқталды. Мемлекет басшысы жаһандық тарихта адамзат үшін бейбітшілік пен келісімнен басқа анағұрлым қажетті құндылықтар болмағанын ерекше атап көрсетті.

"Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканы құлдыраған орнынан барлық ұлттар қоғамдастығының бірлескен күшімен ғана шығаруға болатыны сөзсіз. Бұны барлығы мойындайды. Сондықтан бір апта бұрын Астана экономикалық форумында мен XXI ғасырда әзірлейтін және іске асыратын әлемдік өзара қарым-қатынастардың тиімді моделін ұсындым. Мен оны "G-GLOBAL - ұлы әлем" деп атадым. Бұл дағдарыстан сенімді қорғалған, тиімді әлемдік валютасы бар, сауда мен ынтымақтастықтың әділетті жүйесі бар өркендеген жаһандық экономика. Бұл жоғары технология барлық адамның бақыты мен игілігі үшін қызмет етуді қажет ететін әлем. Бұл берік аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке негізделген, халықтар мен мемлекеттер арасындағы әділетті және сенімді әлем. Бұл барлық проблема келісім мен құрметтің негізінде шешілетін ұлттардың толерантты қоғамдастығы. Бұл ядролық жою қауіп-қатерінен біржолата құтқаратын, жаппай қырып-жою қаруынан еркін біздің планетамыз", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев адамзат бес іргелі қағидатқа негізделген мұндай модельді құру үшін қажетті білімге және тәжірибеге ие екеніне тоқталды.

Бұл әлеуметтік-саяси жүйенің эволюциялық дамуы, саяси дамудың түрі ретіде революциядан бас тарту. Екіншіден, бұл әділеттілік, барлық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардың теңдігі мен консенсус. Үшінщіден, бұл халықаралық қатынастардағы әртүрлі "екіжақты стандарттар" мен "астыртын" жағын жоққа шығаратын жаһандық транспаренттілік. Төртіншіден, өткен жүзжылдықтардағы топтық психологиядан арылған, геосаяси баланстар жүйесі ретіндегі сындарды көпполярлық. Бесіншіден, XXI ғасырдағы мәдениетаралық, дінаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылдың бастапқы негізі ретіндегі жаһандық толеранттылық пен сенім.

"Бүгінгі әлем жинақталған және дамыған осындай тәжірибені қажет етеді. Бұл тұрғыда Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі XXI ғасырда әділетті әлемді құру негізінде идеялық-рухани құрылымдауға мейлінше бағытталған жетекші диалогтық тұғырнама ретінде жұмыс жүргізе алар еді. Бүгінгі жаһандық диалог - тек халықаралық форумдар мен кездесулер ғана емес. Интерактивтік байланыстың көмегімен оған бүкіл әлем бойынша адамдардың көбі қатыса алады. Бұл тұрғыда Қазақстан ұсынған идея мен G-GLOBAL форматы жаһандық өзара түсіністік пен толеранттылық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан мен төртінші съезге қатысушыларға алғыс айта отырып, жаһандық толеранттылық пен сенімді қалыптастыру мен нығайту мәселесіне арналған Интернет-ресурсты құруды ұсынамын. Ол G-GLOBAL ортақ электронды порталының бір бөлігі болуы мүмкін", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ біздің еліміздің табысты дамуының базалық факторы - бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделіне назар аударды. Тәуелсіз Қазақстан - бұл 140 этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан ел. Кез келген этникалық немесе діни сенімдегі қазақстандық - тең құқылы азамат, бірыңғай азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі. Сондықтан біздң қоғамда 20 жылдан бері рухани ренессанс процесі жүруде.

"Астанада Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің өтуі діндер арасындағы ымыраға келмейтін айырмашылықтар мен алауыздықтар туралы тезис бар болғаны елес қана. Бір-бірімен діндер емес, адамдар мен мемлекет жауласады. Илемдегі ұлы ойшылдар дінді адамгершілік формуласы деп атайды. Ұлы Абайдың мынадай даналық сөзі бар: "Діндардың міндеті - жақсылық жасау. Алайда сенім болмаған жерде, жақсылық жасап не керегі бар?". Кез келген діни ілімнің мән-мағынасы адам мен адамзатты жоғалқан кемелділік жолына қайтаруда болып табылады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Мемлекет басшысы съезге қатысушыларды жемісті де сындарлы пікірталасқа шақырған тілегін білдірді.

Одан кейін пленарлық отырыс барысында съезд делегаттары сөз сөйледі. Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Қазақстан мен Астана төртінші рет маңызды рухани және діни проблеманы диалог негізінде талқылаудың жаһандық алаңы болып отырғанын атап өтті. - Илемдік діндер көшбасшылары осы жерге жиналып, әлемнің барлық халқы мен діни қауымы үшін ортақ болып табылатын рухани даму мәселесін қалай шешу қажеттігі туралы ойласудың тамаша мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дінді биікке самғайтын құсқа өте дұрыс теңеп отыр. Сенім адамды жер бетіндегі тұрмыстан жұлып алып, әлемдік оқиғалар мен олардың даму преспективасын биіктен көруге мүмкіндіктер береді, - деді Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл.

Бүкіләлемдік ислам лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Түрки діндер көшбасшылары күллі әлемде бейбітшілік негізін орнықтыру ісінде жетекші позиция ұстайтынын атап өтті.

"Бейбітшілік -оның шарты мен жетістіктерін қорғауды қамтамасыз етуді, оның орнығуы үшін күш-жігерді салуды талап ететін адамзаттың мұқтаждығы. Бұл - бір ғана нақты тарапқа жүктелмейтін, келісім мен өзара түсіністік жолымен қол жеткізетін бірлескен процесс. Сенім мен беделге ие діндер көшбасшылары мен діни институттардан даулы мәселелерді диалог жолымен шешу үшін бейбітшіліктің елшілері мен дәнекершісі болуды талап етеді", - деді Шейх Абдалла бен Абдель Мухсин ат-Түрки.

Өз кезегінде Израильдің бас сефард раввині Шломо Амар бейбітшілікке деген сүйіспеншілік - бұл, ең алымен, төзімділік, өзге діндерді құрметтеу, деп атап өтті. Кез келген діндегілерге түсіністікпен қарау қажет.

"Иртүрлі халықтар мен мәдениеттер тек диалог пен өзара келісім жолымен ғана бейбітшіліке қол жеткізе алады. Президент пен Қазақстан халқы бұл жолда табысқа қол жеткізді, сіздердің елдеріңіздің конфессияаралық келісім мен төзіділікті қамтамасыз етудегі табыстары - бүкіл әлем үшін үлгі. Өзара түсіністік пен толеранттылық, конфессияаралық кедергіні "жоя" білу, мультмәдени әлемнің қатерлерін еңсеру тәрізді діндер арасындағы айырмашылықтар сондайлық маңызды емес. Бізге нақты осындай мүмкіндікті ұсынған Астанадағы форумда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев диалог арқылы бейбітшіліқті құруда тек халықтарды ғана емес, сонымен қатар түрлі идеология мен дүниетанымдағы діндер, мәдениет пен қоғамды біріктіретін "жаңа БҰҰ-ын" құрды", - деді Шломо Амар.

Канаданың экс-Премьер-министрі Жан Кретьен Астанадағы Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде түрлі діндер өкілдері арасында сындарлы диалог орныққанын атап өтті.

"Мұндай бағыттағы диалог өте маңызды, ол өзара түсіністікке бағытталуы қажет. Бұл адаидардың бостандығын қамтамасыз етуге қатысты алғанда дұрыс. Барлық көзқарас туыстыққа бастауы тиіс. Қоғамның дамуына өз үлесіңді қосуың керек. Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаев арқылы көреген және дана саясат үлгісін көрсетіп отыр", - деп атап өтті Жан Кретьен.

Отырыста сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезіне қатысушыларға құттықтау хатын оқыды. "Мен Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезінің қатысушыларына құттықтау жолдағаныма қуаныштымын. Қазақстан сындарлы диалогты қамтамасыз ету үшін осы топты бір жерге жиып отыр деп есептеймін. Біз кедейшілік, аштық, ауру, шиеленістер мен өзге де жаһандық қатерлер халықаралық жауапты талап ететін күрделі уақытта өмір сүріп отырмыз. Діндер көшбасшылары ретінде, сіздер осы проблемаларды өздеріңіздің қоғамдастықтың адамдарымен "жүректен жүрекке жеткізуді" алмасу арқылы шешуге көмек көрсете аласыздар. Адам қандай дінді ұстайтынына қарамастан, біз әртүрлі діндер күшін көрсету үшін біріге аламыз", - делінген БҰҰ Бас хатшысының құттықтауында.

Сонымен қатар, дінаралық келісімнің сақталуы мен диалогты даму үшін болып өткен пленарлық отырыста Папаның Киелі Тақ делегациясының басшысы кардинал Джованни Лайоло, Исламдық мазхабтарды жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының Бас хатшысы Аятолла Мухаммад Или Тасхири сөз сөйледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны