22.08.2012, 15:07 3080

Бүгін Н.Назарбаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталады

Бұл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мемлекеттік сапары.

Астана. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға ресми сапары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың даму тарихындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы мемлекеттік сапары.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына барады. Сапар барысында Мемлекет басшылары деңгейіндегі жоғарғы мемлекетаралық кеңестің үшінші отырысын өткізіп, отырыста қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің басым бағыттарын талқылау жоспарланған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 20 жылдығына орай Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен стратегиялық қарым-қатынастарды тереңдету жөніндегі мерейтойлық декларацияға қол қою көзделген.

Бұдан басқа тағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Сапар аясында Қырғызстанда Қазақстан мәдениеті күндерін де ашу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны