10.06.2015, 17:11 3660

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен Мәжілістіӊ жалпы отырысы өтіп, депутаттар Мәжіліс Кәсіпкерлік кодекс жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - Кәсіпкерлік кодекс жобасы 8 бөлімнен, 34 тараудан және 465 баптан тұрады. Онда кәсіпкерлік қызмет үшін өте маӊызды мәселелерді реттеу көзделіп отыр, атап айтқанда: кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттіӊ өзара іс-қимыл жасауына негіз болатын бірыӊғай қағидаттар бекітіледі, дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу, кәсіпкерлердіӊ құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және инвестициялық омбудсмен бойынша жалпы ережелерді бекіту арқылы кәсіпкерлік субъектілерініӊ құқықтарын қорғау нысандары мен тәсілдері жүйеленеді, шағын кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық жердегі кәсіпкерлік қызметтіӊ ауыл шаруашылық емес түрлерін, отандық тауар өндірушілерді, арнайы экономикалық аймақтарды, инвестициялық және индустриялық-инновциялық қызметті мемлекеттік қолдаудыӊ негізгі бағыттары жүйелі түрде бекітіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кодекс жобасы бойынша жұмыс тобына 915 түзету келіп түсіп, олар мүдделі министрліктер, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерініӊ қатысуымен жұмыс тобыныӊ 23 отырысында, Экономикалық реформа және өӊірлік даму комитетініӊ кеӊейтілген отырысында қаралған.

Ілеспелі заӊ жобасы Кәсіпкерлік кодексі жобасыныӊ нормаларын іске асыру мақсатында әзірленген, ол еліміздіӊ 10 кодексі мен 83 заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Осы күні Мәжіліс дербес білім беру ұйымдарыныӊ қызметін реттеу мәселеріне қатысты заӊ жобасын үшінші оқылымда қарады. Парламент Мәжілісі Регламентініӊ 38-тармағына сәйкес үшінші оқылымға депутаттар жазбаша ұсыныстар енгізіп, ол жұмыс тобы тарапынан қолдау тапқан. Қазіргі уақытта заӊ жобасы бойынша қалыптастырылған кесте 62 позициядан тұрады.

Халық қалаулылары жалпы отырыста "жасыл экономикаға" көшу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заӊ жобасын жұмысқа қабылдады.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.

Палата Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялауға қатысты заӊ жобасы бойынша жұмысты одан әрі жалғастырады.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны