11.01.2008, 16:33 3060

Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов АҚШ сенатор Ричард Лугармен кездесті

Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов АҚШ сенаторы Ричард Лугармен кездесті

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"-Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сенатор Ричард Лугармен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Олар екі жақты қазақстан-американ қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің халықаралық нарықтағы даму мәселесін талқылады. "Тағам өнімдеріне бағаның жоғары болуы тек Қазақстанды ғана емес, АҚШ-ты, сондай-ақ әлемнің өзге де көптеген елдерін алаңдатуда", - деп атап өтті сенатор. Р. Лугар азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуды барынша қолдайтын ниетін жеткізді.

Жалпы алғанда, сенатор қазақстан-американ стратегиялық әріптестігінің даму қарқынына жоғары баға берді және Қазақстанның жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісіндегі, биологиялық қауіпсіздікті қамту саласындағы ролінің маңызына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны