02.05.2013, 10:46 2428

Бүгін Президент Икімшілігінің Басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ ішкі істер және кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатуралар келісілді.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Президент Икімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ ішкі істер және кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатуралар келісілді.

Комиссия мүшелеріне жұмыстың ұйымдастырылуы, кадрлық материалдарды қалыптастыру тәртібі және қабылданатын шешімдердің ресімделуі туралы хабарланды.

Комиссия Мемлекет басшысының 2013 жылғы 3 сәуірдегі №537 Жарлығына сәйкес құрылып, оның Ережесі мен құрамы бекітілген.

Комиссияны Президент Икімшілігінің Басшысы басқарады, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы оның орынбасары, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары (ҰҚК, БП, ЭҚСЖКА, ІІМ, МҚІА, ҚМ, ИдМ, ТЖМ), Президент Икімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, сондай-ақ Бас прокуратура, Қаржы полициясы агенттігі мен Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңестерінің төрағалары оның мүшелері болып табылады.

Комиссияның негізгі функциялары - Президенттік резервті қалыптастыру және құқық қорғау органдарындағы басшылық лауазымдарға ұсынылатын иеленетін кандидатттарды қарастыру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны