14.12.2007, 19:05 3161

Бүгінде жыл сайын 20 мыңнан астам қазақстандық шетелдерде жоғары білім алуда - Назарбаев

Бүгінде жыл сайын 20 мыңнан астам қазақстандық шетелдерде жоғары білім алуда - Назарбаев

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгінде жыл сайын 20 мыңнан астам қазақстандық шетелдерде жоғары білім алуда. Бұл туралы бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 16 жылдығына арналған салтанатты жиында президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Жалпы алғанда қазір 20 мыңнан астам жас қазақстандық шетелдерде оқып жүр. Олар Қазақстанның келешек мамандар әлеуетінің арқау негізін құрайтын болады", - деді Н. Назарбаев.

Ол мемлекетіміздің "болашақ мамандар әлеуті үшін ерте бастан алаңдай бастағанын, 90-шы жылдардағы қиындыққа қарамастан, президенттің бастамасымен "Болашақ" бағдарламасы жасалғанын" атап өтті. "Қазір осы бағдарламаның аясында жыл сайын 3000 жас әлемнің ең таңдаулы университеттерінде оқып жатыр, олардың бір жарым-екі мыңы кері оралып, ел экономикасына араласып кетті, қазір олар келешек және қазіргі мамандардың алтын діңгегін құрауда", - деді президент.

"Ата-аналардың басым бөлігі балаларын таңдаулы университеттерге өз беттерімен жіберіп жатқанын атап өту керек. Бұл олардың өз капиталын дұрыс жұмсауы. Кімнің қолынан келсе - бұл соның ісі", - деді ол. "Дегенмен, тек шетелге ғана жібермеу үшін еліміздің өзінде де біртіндеп осы деңгейде оқыту қажет, мен Астанада ғылыми-білім беру кешенін, жаңа университет салуға тапсырма бердім, онда әлемдік деңгейдегі білім беру мекемесі мен ғылыми-зерттеу орталығының біте қайнасқан ошағы бой көтереді", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны