05.06.2014, 19:36 2395

Бундестаг депутаттары ЕАЭО құру туралы шартты талқылады

Берлинде ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Оңжановтың Бундестаг депутаттары - Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың мүшелерімен кездесуі өтті.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Берлинде ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Оңжановтың Бундестаг депутаттары - Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың мүшелерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат неміс парламентшілеріне ү.ж. 29 мамырда қол қойылған ЕЭО құру шарты туралы мәлімдеді. Ол алғаш рет 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтың бастамасымен ұсынылды, деп сыртқы істер министрлігінен хабарлады.

Н.Оңжанов бұл жаңа интеграциялық бірлестік экономикалық бірігу болып табылатынын және қатысушы мемлекеттердің саяси егемендігі мен тәуелсіздігі мәселелерін қозғамайтындығын атап өтті.

Тараптар сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібінің кей аспектілері бойынша пікір алмасты. Екі елдің басшыларынан белсенді қолдау тауып отырған Германия және Қазақстан арасындағы ашық және сенімді диалог атап өтілді.

ГФР Бундестагындағы Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топ Германия Парламенті төменгі палатасының Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан) ұлттық парламенттерімен саяси қатынастарын жүзеге асырады. Топтың мақсаты, басталған диалогты біздің өңірдегі парламент мүшелерінің ақпарат және пікір алмасу жолымен одан әрі дамыту. Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топ құрамына тек неміс Бундестагтың мүшелері ғана кіре алатын партияаралық негізде қалыптасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны