07.11.2017, 19:22 4194

Бурабай төрт мезгіл турист қабылдауға қауқарлы

Жалпы, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасыныӊ үшiншi кезеӊiне Үкiметтен 60 млрд теӊгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. Мұныӊ барлығы көрiктi мекеннiӊ қысы-жазы сұранысқа ие болуын қамтамасыз етпек.

Көкшетау. 7 қараша. Kazakhstan Today - Щучье-Бурабай курорттық аймағы туристердi жыл он екi ай бойы қарсы алуға қауқарлы.

Қазiр осы бағытта бiрқатар жұмыс атқарылып жатыр. Мәселен, "FOUR SEASONS" атты тұжырымдамада көрiктi өлкенiӊ барлық мүмкiндiктерi қарастырылған. 20 жобадан тұратын бағдарлама Бурабайдыӊ қысы-жазы жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етедi. Ал арнайы құрылған туристiк-ақпараттық орталық аймақтыӊ одан әрi танылуы мен қонақтардыӊ Бурабай жайлы жан-жақты мәлiмет алуына жағдай жасайды.

"Бурабай курортты аймағын дамыту үшiн еӊ алдымен оны әлемдiк деӊгейде жан-жақты таныту керек", - дейдi мамандар. Сол үшiн Көкшетауда "Көкше аӊыздары" атты кiтап үш тiлде жарық көрдi. Мұнда 10 шақты аӊыз бар. Ендi оны Ақмола облысына келген шетелдiк қонақтарға сыйға тартады.

Ал алдағы уақытта шеттен келген қонақтарды сол аӊыздардағы кейiпкерлер құшақ жая қарсы алып жатса, таӊ қалмаӊыз. Себебi iс-шаралар жоспарында туристер үшiн осындай бiр тосынсый бар. Бұл да болса Бурабай жайлы естен кетпес естелiк жасаудыӊ бiр жолы. Одан бөлек ЕХРО көрмесiнде де Бурабай туралы мәлiмет беретiн 20 мыӊға жуық брендтiк өнiмдер шетелдiктерге таратылған. Ал сол көрмеге келген меймандаыӊ 80%-ы Бурабайды арнайы тамашалады.

Шынарбек Батырханов, облыстық туризм басқармасыныӊ басшысы:

-Араб Имiрлiктерiнен келген қонақтар бiздегi сұӊқармен аӊ аулауға қызығып отыр. Себебi оларда да саяхшылықтыӊ осы түрi жақсы дамыған. Сондай-ақ жапондықтар Бурабайдан түрлi әлемдiк мерекелiк iс-шаралардыӊ өткенiн көргiсi келетiндiктерiн айтты. Ендi аймақта жыл сайын ұйымдастырылатын "Қансонар" фестивалi бұдан былай Бурабайда өткiзiледi. Одан бөлек қысқы спорт түрлерiнен өтетiн түрлi сайыстар да осы өлкенiӊ қыстыгүнi де кiсi қызығуына жағдай жасамақ. Қазiрдiӊ өзiнде Бурабайға тек жаздыгүнi ғана емес, күз бен қыста да келетiндер көбейе бастаған. Мәселен, ерлi-зайыпты Александра мен Игорь көрiктi өлкеге Ресейдiӊ Екатеринбург қаласынан жыл сайын келiп демалады екен. Айтуларынша, курортты аймақ жыл санап дамып келедi.

Александра Пятова, турист: - Бiз тарихи орындарды өзiмiз-ақ аралап шығуды жөн көрдiк. Өз көлiгiмiзбен жүрмiз. Бурабайдыӊ әсiресе таза ауасы жанымызға рахат сыйлайды. Тынысымыз ашылып, денсаулығымыз түзеледi. Бурабайда қазiр күнiне 1 мыӊға жуық мейманды қабылдай алатын 100 шақты қонақүй жұмыс iстеп тұр. Олар да жыл он екi ай бойы қызмет көрсетуге әзiр. Жалпы, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту бағдарламасыныӊ үшiншi кезеӊiне Үкiметтен 60 млрд теӊгеден астам қаржы бөлу қарастырылған. Мұныӊ барлығы көрiктi мекеннiӊ қысы-жазы сұранысқа ие болуын қамтамасыз етпек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны