17.11.2010, 14:34 3855

Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды - қаржы полициясы

ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - қараша. Kazakhstan Today - ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бұл іс ҚР медициналық мекемелерінің қажеттіліктері үшін қызмет көрсетулер мен тауарларды бірнеше есе артық бағамен сатып алуға байланысты",- деп хабарлады М. Жұманбай.

"Мысалға айта кетсек, бағасы 6 млн теңге тұратын "Панасоник" теледидары 11 млн теңгеге сатып алынған. Ал құны небәрі 22 мың теңгелік лазерлі принтер 48 мың теңгеге, 262,6 мың теңге тұратын оргтехникалар 363,7 мың теңгеге сатып алынған",- деп нақтылап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны