29.04.2008, 17:33 2927

Бұрынғы қаржы министрі Коржова Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды

Бұрынғы қаржы министрі Коржова Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен бұрынғы қаржы министрі Наталья Коржова Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "президент өкімімен Инуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, ол басқа жұмысқа ауысты".

Сонымен бірге, мемлекет басшысының өкімімен Асқар Бейсенбаев президенттің Қазақстан Республикасы парламентіндегі өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалды.

Бұған қоса мемлекет басшысының жарлығымен Үсен Жетенов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны