27.05.2009, 12:23 1493

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Сәрсенбаев пен Бралиевке қатысты қылмыстық істер прокурорға жолданды

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен вице-министрлер Сәрсенбаев пен Бралиевке қатысты қылмыстық істер прокурорға жолданды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Альжан Бралиевке қатысты қылмыстық істер прокурорға жолданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 23 мамырында бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов, вице-министрлер Зейнолла Сәрсенбаев пен Альжан Бралиевке, сондай-ақ, "Меркурий плюс" ЖШС өкілі Жайылғановқа қатысты қозғалған қылмыстық істер айыптау қорытындысымен қоса әріқарай сотқа беру үшін прокурорға жолданды", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны