01.04.2009, 16:38 3073

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде - қаржы полициясы

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде - қаржы полициясы

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 30 наурызында қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 170 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікпен бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғанов ұсталды. Қазір оларға аталған деректер бойынша айып тағылды, енді бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Олар тұтқындауға санкция алу үшін сотқа жіберіледі",- деді Мұрат Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны