08.04.2009, 16:47 3146

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып қоса тағылды - қаржы полициясы (толықтырылған)

Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып қоса тағылды - қаржы полициясы (толықтырылған)

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып қоса тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

М. Жұманбайдың айтуынша, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министріне лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып қоса тағылды. Бұған дейін оған мемлекеттік сатып алулар кезінде қаржы жымқырды деген айып тағылған болатын. "Қазір Нұрлан Ысқақов Астана қалалық тергеу абақтысында отыр",- деді мекеме өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовты тұтқындауға санкция берілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов пен "Меркурий плюс" ЖШС өкілі А. Жайылғановқа 1 сәуірде қызметтік өкілеттілігін пайдаланып 1 млрд 172 млн теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды және мемлекеттік сатып алулар кезінде қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылды. "Сол күні алдын-ала тергеу барысында табылған дәлелдердің негізінде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Ысқақов пен Жайылғановты тұтқындауға санкция берді",- деп хабарлайды орталық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны