05.09.2016, 07:46 2135

БҰҰ Бас ассамблеясы Қазақстанныӊ ядролық қарусыз әлем құруға қосқан үлесін жоғары бағалады

Отырыс Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналды. Шараға БҰҰ мүше елдердіӊ делегациялары мен халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері мен басшылары қатысты.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ Президенті Могенс Люккетофтыӊ төрағалығымен БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ арнайы отырысы өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Отырыс Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналды. Шараға БҰҰ мүше елдердіӊ делегациялары мен халықаралық ұйымдардыӊ өкілдері мен басшылары қатысты. Аталмыш күн 2009 жылдыӊ желтоқсанында Бас Ассамблеяныӊ 64/35 резолюциясымен бекітілді. Ол Қазақстанныӊ бастамасымен жүзеге асқан болатын.

Биыл шара Семей ядролық сынақ полигоныныӊ жабылуыныӊ 25 жылдығы мен Ядролық сынақтарды тоқтату бойынша жалпы келісімніӊ 20 жылдығына арналды.

Ашылу барысында Могенс Люккетофтпен бірге Бас хатшыныӊ орынбасары, БҰҰ қарусыздану жөніндегі БҰҰ Жоғарғы өкілі Ким Вон Су Бас хатшы Пан Ги Мунныӊ жолдауын оқып берді, сондай-ақ, БҰҰ жанындағы ҚР тұрақты өкілі, елші Қайрат Абдрахманов сөз сөйледі.

Бұдан кейін "Ядролық қаруға қарсы жаһандық нормаларды нығайту" тақырыбында панельдік отырыстар өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны