12.06.2006, 13:43 3130

БҰҰ Даму бағдарламасының қаржысына Қазақстанда “электронды парламенттің” негізін қалау жоспарланып отыр

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. БҰҰ Даму бағдарламасының еліміз парламентінің іс-қызметін қолдауға бағытталған қаржысына “электронды парламенттің” негізін қалау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін БҰҰ Даму бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің жетекшісі Бақыт Ибділдина “Қазақстанда қоғамдық сараптама институтын дамыту” атты “дөңгелек үстел” барысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Электронды парламенттің” негізі қазір БҰҰ Даму бағдарламасының парламенттің іс-қызметін қолдау жобасының аясында қаланады”,- деді Б.Ибділдина. “Бұл жобаның аясында екі пилотты аймақ – оңтүстік пен шығысты парламенттік желіге қосу жұмыстары қаржыландырылады”.

БҰҰ Даму бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің жетекшісі хабарлағанындай, құны 0,5 млн. доллар болып табылатын аталмыш жоба қаңтар айында іске қосылған және ол 3 жылға есептелген. “Жобада мәжіліс пен сенатты бірдей қолдауға бағытталған түрлі шаралар қарастырылған”,- деді ол. “Биыл жоба аясындағы шаралар негізінен мәжілістің жанындағы қоғамдық палатаның іс-қызметіне бағытталады”.

Жоба аясында Қазақстанда 2006-жылдың қазан айында дүниежүзі парламенттерінің жанындағы қоғамдық палаталардың іс-қызметіне аналған халықаралық конференция өткізу, сондай-ақ, “нәтижелерін парламент депутаттары, қоғамдық сарапшылар палатасының өкілдері мен еліміздегі бейресми ұйымдар пайдалана алатын әлеуметтік зерттеулерді қаржыландыру” межеленіп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны