11.01.2017, 10:12 4138

БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ пікірталастарында Қазақстан Президентініӊ саяси жолдауы таныстырылды

2017 жылғы 10 қаӊтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде оныӊ "Шиеленістердіӊ алдын алу және бейбітшілікті сақтау" тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 10 қаӊтарда Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретінде оныӊ "Шиеленістердіӊ алдын алу және бейбітшілікті сақтау" тақырыбындағы ашық пікірталастарына қатысты.

Қазақстанныӊ сыртқы істер министрі Қайрат Ибдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас" атты саяси жолдауын таныстырып өтті.

Нью-Йорк қаласында өткен іс-шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ұлыбритания, Италия, Латвия, Польша, Франция, Нидерланды, Украина, Швеция, Эфиопия және Жапонияныӊ сыртқы саяси ведомстволарыныӊ басшылары және сыртқы істер министрлерініӊ орынбасарлары, Ресей, Қытай, АҚШ және БҰҰ-на мүше басқа да мемлекеттердіӊ БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері қатысты.

Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшелері және БҰҰ елдерініӊ өкілдері пікірталастар барысында шиеленістердіӊ алдын алу және бейбітшілікті сақтау саласындағы өздерініӊ ұлттық басымдықтары туралы мәлімдеді, сондай-ақ бүкіләлемдік ұйым қызметініӊ осы басымдықты бағыттары бойынша жаӊа Бас хатшыныӊ жұмысына қолдау білдірді.

Пікірталастар барысында Қазақстанныӊ сыртқы істер министрі 2017-2018 жылдар кезеӊінде Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан өкілеттіктерініӊ басталуына орай Мемлекет басшысыныӊ саяси жолдауын жариялады.

Қ. Ибдірахманов бұл Жолдаудыӊ Мемлекет басшысыныӊ 2016 жылғы 31 наурыздағы "Илем. ХХІ ғасыр" манифесініӊ қағидаттарына негізделетіндігін және оны шығармашылық тұрғыдан дамытатындығын атап көрсетті. Президент Н. Назарбаевтыӊ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясында ұсынылған бағдарламалық құжатыныӊ БҰҰ-ныӊ 100 жылдық мерейтойына қарсы ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты қамтамасыз ете отырып, ғаламшарды соғыстар мен шиеленістерден арылту ісінде күш-жігерді біріктіру және ынтымақтасу қажеттігіне баса назар аударғандығы белгілі.

Жолдауда атап көрсетілгендей, "Қазақстан Кеӊесте бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мен нығайтудыӊ бірінші кезектегі маӊыздылығын негізге ала отырып, оныӊ бүкіл күн тәртібі бойынша әділ және шынайы жұмыс істейтін болады". Н. Назарбаевтыӊ айтуынша, Астана "Қауіпсіздік Кеӊесініӊ барлық мүшелерімен теӊ құқылы негізде ынтымақтаса жұмыс істеуге, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында ымыраға қол жеткізіп, бәтуаластықтыӊ қалыптасуына септігін тигізуге ниетті".

Осыған орай, жолдауда БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан жұмысыныӊ басымдықтары атап көрсетілді. Олардыӊ қатарында ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбітшіліктіӊ өӊірлік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаӊкестікке қарсы коалиция (желі) құру, Африканыӊ бейбіт дамуына жәрдемдесу, БҰҰ-ныӊ Орнықты даму мақсаттарын, бейбітшілік, қауіпсіздік және даму арасындағы ажырамас байланысты ілгерілету, БҰҰ-ны ХХІ ғасыр талаптарына бейімдеу және жаһандық проблемаларды шешу үшін ұжымдық саяси ерікті нығайту мақсатында мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деӊгейінде ҚК-не мүше мемлекеттердіӊ тұрақты кездесулер тетігін келістіру бар.

Мемлекет басшысы өз жолдауында атап көрсеткендей, "Қазақстан Кеӊесте барлық мүше елдермен аталмыш басымдықты бағыттар бойынша ашық, әділ және саяси жағдаятсыз, жауапты, салмақты және сындарлы түрде жұмыс істеуге ниетті".

Осыған орай, құжатта "Қазақстанныӊ маӊызды мақсатқа - ХХІ ғасырда әлемді қауіпсіз, әділ және гүлденген әлемге айналдыру мақсатына қол жеткізу жөніндегі өз бастамаларына әріптестерініӊ тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сенім білдіретіндігі" айтылады.

Қазақстандық тарап, сондай-ақ, пікірталас қатысушыларыныӊ назарын превентивті дипломатиядағы, сенім шараларын ілгерілету мен нығайтудағы, жаппай қырып-жою қаруын таратпаудағы, дау-жанжалдарды реттеудегі және халықаралық лаӊкестікке қарсы әрекет етудегі бірлескен күш-жігердіӊ маӊыздылығына аударды. Қазақстан басшылығыныӊ Астанада Сирияда бейбітшілік орнату бойынша келіссөздер алаӊын ұсынуға дайын екендігі тағы да атап көрсетілді.

Қазақстан Президентініӊ жолдауы отырыс қатысушыларыныӊ жоғары бағасына ие болды. Бұдан өзге, оны БҰҰ ҚК ресми құжаты ретінде тіркеу туралы шешім қабылданды.

Нью-Йорктегі сапар барысында, сондай-ақ, Қ. Ибдірахмановтыӊ БҰҰ Бас хатшысы А. Гутерришпен кездесуі болып өтті. Кездесу барысында Астананыӊ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелігі бағдарламасыныӊ өзекті мәселелері және Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығыныӊ көп қырлы күн тәртібі талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны