15.09.2016, 11:08 3926

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Қазақстанға сапармен келеді

БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Жан Тодт Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - БҰҰ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша арнайы елшісі Жан Тодт Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

2016 жылғы 14 - 17 қыркүйекте Қазақстанға БҰҰ Арнайы елшісі келеді. Оныӊ келу мақсаты - жоғары деӊгейде жол-көлік оқиғаларын төмендету мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастықтар және үкіметтік емес ұйымдар арасында стратегиялық байланыс орнату, сонымен бірге Онжылдық Бағдарламаны орындау бойынша жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұлттық бағдарламаларды қабылдауда көмектесу.

Қазақстан БҰҰ шеӊберіндегі қызметтіӊ белсенді қатысушысы болып, жол жүрісі қауіпсіздігі деӊгейін көтеруге елеулі мән береді және мемлекеттік саясаттыӊ келесі дамуында, құқықтық негіз және осы салада басқаруда қажеттілікті мойындайды. Жол қауіпсіздігі саласында заӊнаманы нығайту, ұлттық бағдарламаларды әзірлеу бойынша бірқатар шаралар қабылданды.

Сонымен бірге, елде ДСДҰ және БҰҰ ЕЭК ресми басылымдар материалдарымен расталатын жол жүрісі қауіпсіздігініӊ маӊызды проблемасы бар.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияныӊ Ішкі көлік жөніндегі комитеттіӊ қолдауымен БҰҰ Арнайы елшісі сапары шеӊберінде мүдделі министрліктер және ведомстволар, бизнес-қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдардыӊ қатысуымен жақтар жол қауіпсіздігі мәселелін талқылайды, пікір алысады және Қазақстанда жол-көлік оқиғаларды төмендету бойынша ұсынымдар жасап шығаратын "Жол жүрісі қауіпсіздігі. Ағымдағы жағдайы. Арттыру жолдары" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізіледі. Үкімет, Инвестициялар және даму министрлігі басшылығымен және Астана мен Алматы әкімдерімен, сонымен бірге Қазақстандық автомотоспорт федерациясымен кездесу жоспарланды. Орталық коммуникациялар қызметіндегі келуі нәтижесінде БҰҰ Арнайы елшісі және министрліктіӊ өкілдерініӊ қатысуымен баспасөз-конференциясыныӊ өткізілуі жоспарлануда.

БҰҰ Арнайы елшісі Жан Тодттыӊ келуі Қазақстанныӊ жол жүрісі қауіпсіздігі деӊгейін көтеруде ұмтылу кепілі болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны