21.02.2013, 16:20 3155

БҰЗҚ салымшыларға жоғары табыстылық пен екі еселенген қорғанышты қамтамасыз етеді

Мемлекеттік институттардың басқаруымен Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру қазақстандық салымшыларға екі еселенген қорғаныш пен жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - БҰЗҚ салымшыларға жоғары табыстылық пен екі еселенген қорғанышты қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік институттардың басқаруымен Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру қазақстандық салымшыларға екі еселенген қорғаныш пен жоғары табыстылықты қамтамасыз етеді, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов.

"МҰЗҚ-ның негізінде Бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры (БҰЗҚ) құрылады. Ол Қаржы министрлігі түрінде Үкіметтің меншігінде болады, сосын Ұлттық банкке беріледі, яғни активтер мен БҰЗҚ-ның өзі соның басқаруында болады... Ұлттық банк басқарса, екі еселенген бақылау жүйесі қамтамасыз етіледі деген сөз, салымшылардың ақшалары сенімді сақталып, сонымен қатар жоғары табыстылыққа ие болады. Онымен мемлекет өзі тікелей айналысады", - деді Қайрат Келімбетов "Время" газетіне берген сұхбатында.

Вице-премьер БҰЗҚ активтерінің бір бөлігін шетелдік құнды қағаздарға салуға болатынын, бұл тұрғыдан Ұлттық банк құзіреті күмән келтірмейтінін айтты.

Сонымен қатар, Ұлттық банк тендер өткізеді және бұрын ҰЗҚ-н иеленген компаниялардың кейбіреулері ЗАБК - зейнетақы активтерін басқару бойынша компания болуға мүмкіндік алады. Ал, өзге жағдайда олар жұмыс әдісін ерікті қорларға өзгерте алады немесе жойылатын болады.

Оған қоса, Қ.Келімбетов зейнетақы қаражаттарын сақтау мен көбейтуді кәсіби мамандар жүргізетінін айтты. Оның айтуынша, БҰЗҚ-н құру мәселесі бір жарым жыл бойы Дүниежүзілік банк және Қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп қарастырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны