25.09.2017, 15:20 6288

БЖЗҚ Қазақстандағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы түсініктеме берді

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары - бұл, жұмыс берушілердіӊ меншікті қаражаты есебінен еӊбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерініӊ пайдасына аударылатын жарналар.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - БЖЗҚ Қазақстандағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары - бұл, жұмыс берушілердіӊ меншікті қаражаты есебінен еӊбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерініӊ пайдасына аударылатын жарналар. Еӊбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген.

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 26-бабына сәйкес, Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердіӊ ай сайынғы табысыныӊ 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелерімен расталған зиянды еӊбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асырмайды.Тізімді жасау барысында ҚР Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініӊ Еӊбекті қорғау бойынша Республикалық ғылыми-зерттеу институтыныӊ зерттеу нәтижелері пайдаланылған. Кәсіпті Тізімге енгізу үшін еӊ бастысы зиянды өндірістік факторлардыӊ, жұмыстылықтыӊ кемінде 80 пайызыныӊ зиянды еӊбек жағдайларына байланысты болуы және өндірістіӊ ерекшелігіне байланысты (өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесі бойынша) зиянды еӊбек жағдайларыныӊ болуы(зияндылықтыӊ 3 сыныбынан төмен емес) шарт.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұлдар және басқа да түсімдердіӊ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасыныӊ зейнетақымен қамсыздандыру туралы заӊнамасына сәйкес БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты ашылады. Бұл ретте жұмыскердіӊ атына аударылған МКЗЖ оныӊ БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жұмыскермен МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасалған жағдайда есептелуі мүмкін.МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы берілген өтініш негізінде жасалады. Өтінішке үш тарап қоя қояды, олар: БЖЗҚ, жұмыс беруші және өз пайдасына МКЗЖ аударылатын жұмыскер. Барлық тараптар өтінішке қол қойған соӊ, БЖЗҚ МКЗЖ есебінен жасалған шарт туралы мәліметті міндетті зейнетақы жарналары және МКЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардыӊ бірыӊғай тізіміне енгізу үшін Мемлекеттік корпорацияға электрондық хабарлама ретінде жібереді. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердіӊ бірыӊғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап салымшы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылды деп есептеледі.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарыныӊ толыққанды және дер кезінде төленуін бақылауды Қазақстан республикасыныӊ заӊнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу бойынша 432 мыӊдай ЖЗШ ашылған. Оларда 129 миллиардтқа жуық теӊге шоғырландырылған.

Зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтардағы мүгедектер және Қазақстан Республикасыныӊ шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардыӊ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады. Сонымен қатар, Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кемінде күнтізбелік 60 ай төленген, республикалық бюджет туралы заӊмен тиісті қаржы жылына белгіленген еӊ төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде елу жасқа толған адамдардыӊ сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен сақтандыру төлемдерiн ала алады.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоӊырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордыӊ корпоративтік сайтындағы "Кері байланыс" және "Онлайн-чат" нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеӊес ала алады, деп хабарлайды "БЖЗҚ" АҚ баспасөз орталығы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігініӊ "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасыныӊ Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеӊесіне берілді.

Зейнетақы заӊнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны