23.04.2013, 10:51 3358

Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ Иділет министрлігінің мәлімдеуінше, бостон ауруханасында жатқан Д.Царнаевқа айып тағылғанын министрлік растады. Д.Царнаев бостон марафонында жаппай қырып жоятын қару пайдаланды деп айыпталуда.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Бостондағы терактіге айыпталып отырған Джохар Царнаев кінәлі деп танылған жағдайда өлім жазасына кесілуі мүмкін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады, болмаса өзге мерзімге абақтыға жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ Иділет министрлігінің мәлімдеуінше, бостон ауруханасында жатқан Д.Царнаевқа айып тағылғанын министрлік растады. Д.Царнаев бостон марафонында жаппай қырып жоятын қару пайдаланды деп айыпталуда.

Министрлік тағылған айыптауларға байланысты оның кінәсі дәлелденсе ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, немесе өмір бойына, не болмаса басқа мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны