28.04.2010, 13:34 3126

"ЦентрКредит" Банкінің" іс-қызметін тексеруге банк қызметкерлерінің ұжымдық хаты негіз болды - қаржы полициясы

"ЦентрКредит" Банкінің" іс-қызметін тексеруге банк қызметкерлерінің ұжымдық хаты негіз болды - қаржы полициясы

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің тарапынан "ЦентрКредит" Банкінің" іс-қызметін тексеруге банк қызметкерлерінің ұжымдық хаты негіз болды. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне "ЦентрКредит" Банкінің" қызметкерлерінен заң бұзушылықтар жайлы ұжымдық хат келіп түсті", - деді М. Жұманбай.

"Бұл мәлімдеме қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес тіркелді, сол бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Қаржылық бақылау агенттігі бірлесіп тиісті тексерулер жүргізуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны